Елімізде декретке шыққан әке құқықтары ана құқықтарымен бірдей болады

1115
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rk37.ru
Сурет: rk37.ru

Елімізде бала күтімімен үйде отырған әке құқықтары ана құқықтарымен бірдей болады. Бұл туралы бүгін, 10 ақпанда Конституциялық сот айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құзырлы орган әлеуметтік кодекстің бір бабы бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан әкелердің құқықтарын шектейді деп таныды.

Т.есімді қазақстандық Конституциялық сотқа Әлеуметтік кодекстің 208-бабының 1-тармағын, “Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындауға еңбек өтілін есептеуді” тексеруді өтінген. Ол зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажет еңбек өтілін есептеу кезінде тек ананың бала күтіміне байланысты демалыс кезеңі ескерілетінін жеткізген.

Ер адам баласы дүниеге келгеннен кейін екі ай өткен соң денсаулығында кінәраты бар сәбиіне күтім жасау үшін жұмыстан шыққанын мәлімдеді. Айтуынша, әйелі ауырмағандықтан, жаңа туған балаға қарай алмаған.

Кейіннен ер адамның бала күтіміне жұмсаған уақыты оның жұмыс тәжірибесіне есептелмегені анықталған. Бұған Әлеуметтік кодекс ережесі негіз болған. Ер адам сотқа арызданып, бұл екі ата-ананың тең құқығы қағидасына қайшы келетінін жеткізген.

Нәтижесінде Конституциялық сот сөз болып отырған заң ережесі Конституцияға қайшы деген қорытындыға келді. Ведомство Әлеуметтік кодекстің 208-бабы 1-тармағы 8-тармақшасын былайша өзгерткен уақытта ата заңға сай келеді деп таныды: «Жұмыс істемейтін ата-анаға жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жас балаларға тікелей күтімді жүзеге асырған уақыты есепке алынады».

Осылайша бапқа декрет демалысына шыққан әкелер де енді.

«Балаға күтім жасау ата-анадан ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет етеді. Бала өмірінің осы кезеңінде объективті мән-жайларға байланысты олардың кез келгені баласына нақты қамқорлық жасауға байланысты жұмыстан шектелуі мүмкін. Ата-ана міндеттерін орындаудан туындайтын мұндай жағдайларды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде өтемақы тетіктерін әзірлеу кезінде ескеру қажет. Олардың бірі – теңдігі және әлеуметтік қорғау саласындағы адам мен азаматтың құқықтарын шектеуге жол бермеу»,– деп түсіндірді Конституциялық сот.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер