ШҚО-да арнайы мектеп-интернаттан төрт жасөспірім қашып кетті

1109
Adyrna.kz Telegram
Фото: Qumash
Фото: Qumash

Шығыс Қазақстан облысында девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттан төрт жасөспірім қашып кеткен. Олар қатты аязда сырт киімсіз қоғамдық дәретханада жасырынған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жасөспірімдердің айтуынша, мұндай қадамға баруға мекемедегі әлімжеттік пен зорлық-зомбылық себеп болған.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, балалар өздеріне көрсетілген қатыгездікке төзе алмай, интернаттан кетуге мәжбүр болған. Олардың далада тоңып қалғанын растайтын видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда төрт жасөспірімнің суықтан дірілдеп, жейдемен отырғаны көрінеді.

"Міне, қолдары қатып қалған. Өтінемін, көмектесіңіздер!" – дейді видеодағы дауыс.

Аталмыш оқиға ШҚО Алтай ауданына қарасты Серебрянск қаласында болған. Сол түні аймақта ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеген.

Арнайы мектеп-интернат директорының міндетін атқарушы Сарқыт Дәулетова оқушылардың қашу дерегін растады.

"Балалар түнде табылды. Барлығын бірден ауруханаға жібердік. Екеуі емделіп шықты. Қазіргі уақытта балалардан жауап алынып жатыр," – деді ол.

Алайда ол мекемедегі әлімжеттік фактілері туралы пікір білдіруден бас тартты.

Қазіргі таңда прокурорлар мен полиция бұл іске қатысты тексеру жүргізуде. Ресми ақпаратқа сүйенсек, балаларға зорлық-зомбылық көрсетілді деген мәлімет әлі расталған жоқ. Дегенмен, олар "үнемі қашатын балалар" санатында болған.

ШҚО білім басқармасы оқиғаға қатысты әзірге нақты түсініктеме бермеді. Айта кетейік, аталған мектеп-интернатта 50-ге жуық бала тәрбиеленеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер