Kcell және Activ ұялы байланыс операторының қазақстандық пайдаланушылары шағымданды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Компания да ақау техникалық себептерге байланысты болғанын мәлімдеді.
Оператор абоненттерінен шағымдар Алматы мен Астанадан түскені анықталды. Кейіннен қазақстандықтар да желіде шағымданып, таңнан бері интернет пен бірқатар қосымшалар жұмыс істемей қалғанын айтты.
"Бүкіл Астанада интернет жұмыс істемей тұр. 3030 техникалық қолдау телефоны қоңырауымызға жауап бермей, бірден өшіріп тастап жатыр", – дейді қазақстандықтар.
Instagram желісіндегі Activ ресми парақшасында ұялы байланыс операторы пайдаланушылардың шағымына жауап берді. Оператор мәліметінше, техникалық себептерге байланысты ақау болып жатыр.