Лаундж-бардағы атыс. Полиция түсініктеме берді

864
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Сенбі күні Алматыдағы барлардың бірінде атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қалалық ПД мәліметінше, атыс Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаундж барында болған.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиға туралы өзге деректер жарияланбады.

Айта кетейік, танымал актер Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде төбелеске қатысқаны үшін сотталған болатын.

Пікірлер