Ақмолалықтар халықаралық жұмысшы кәсіптер чемпионатында ел намысын қорғайды

626
Adyrna.kz Telegram

Францияның Лион қаласында 60 құзыреттілік бойынша «WorldSkills Lyon2024» кәсіби шеберліктің 47-ші әлемдік чемпионаты басталады. WorldSkills International жарыстарында мыңдаған жас мамандар әлемнің 88 елінің атынан өз білімдері мен дағдыларын көрсетеді.

WSI миссиясы - жұмысшы мамандықтарына назар аудару және жоғары кәсіби стандарттарды дамыту үшін жағдай жасау. Оның негізгі қызметі - 22 жасқа дейінгі жастар үшін әртүрлі деңгейдегі кәсіби жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. WorldSkills жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионаты екі жылда бір рет өтеді.

Биыл Ақмола колледждерінің үш өкіліне халықаралық аренада өз кәсібилігін көрсетуге мүмкіндік туды:

- «Шанақты жөндеу» құзыреттілік бойынша, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің студенті Танбаев Асхад;

- «Электромонтаждық іс» құзыреттілігі бойынша, Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжінің түлегі Қабибола Еламан;

- «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша, Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінің түлегі Алина Карюкина.

Қатысушылар іріктеудің қатаң республикалық кезеңінен өтті, онда олар тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің атынан халықаралық аренада өкілдік ету құқығына ие болды.

Айта кету керек, мұндай деңгейдегі чемпионатта Алина мен Асхадтың бірінші қатысуы емес, өткен жылы олар Республика командасының құрамында Гданьск қаласында (Польша) EuroSkills 2023-ке қатысты.

Біздің байқауға қатысушылардың мықты тәлімгерлері бар, олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Бұл халықаралық сарапшылар - Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінен Нартай Ибраев, Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінен Асан Айткожин және Ж.Қизатов атындағы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінен Сергей Козяйчев.

Пікірлер