Жыл басынан бері Қырғызстанда сел салдарынан 22 адам қаза тапты

715
Adyrna.kz Telegram
Сурет: mir24.tv
Сурет: mir24.tv

2024 жылдың басынан бері Қырғызстанда сел салдарынан 22 адам қаза тапқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Еділбек Құлматов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ош облысында 15 адам, Ош қаласында 5 адам, Баткен мен Жалал-Абад облыстарында 1 азамат қаза тапты. 4,5 мың тұрғын үй, 68 әлеуметтік нысан, 404 шақырым автожол, 69 көпір, 87 автомашина зардап шекті»,—деді ол.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, табиғи апат ел бюджетіне 1,25 миллиард сом (шамамен 15 миллион доллар) шығын әкелген.

Пікірлер