Астанада ұлттық лицей ашылды

563
Adyrna.kz Telegram

7 қыркүйек күні Астана қаласында ұлттық тәрбие мен білімді ұштастырған «QAZBILIM» лицейі ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына танымал тұлғалар, білім басқармасының өкілдері, ардагер ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты. 

Айта кетейік, таза қазақ тілінде тереңдете сабақ беретін ұлттық лицейлер алғаш 2022-2023 оқу жылында Атырау, Ақтау, Қостанай, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында ашылған еді. Бүгінде 3 қалада 1000-ға жуық оқушы білім алып жатыр. 2023 жылдан бастап ұлттық лицейлер қатары көбейіп, Алматы мен Шымкент қалаларында ашылды.

Пікірлер