"Серпін" студенттерді селтеңдетіп қойды

3249
Adyrna.kz Telegram

Қазір жоғарғы оқу орнына мемлекеттік грандпен түсіп студент атану оп-оңай екен. Тек оңтүстіктің оқушысы болсаң жетіп жатыр. Бүгін Өскеменде көшеде Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды іздеп таба алмай адасып жүрген бір абитуриент баламен кездесіп қалдым. Мемлекеттік грандқа оқуға түсіп, құжаттарын тапсыруға Қызылорда жақтан келіпті. Одан тестан қанша балл жинап грандқа ие болғанын сұрадым. Сөйтсем әлгі сабазым 35 балл жинапты!!!!!
Тестен 89 балл жинаса да грандқа оқуға түсе алмай, ақылы оқуға ақшасы жоқ, тауы шағылып үйінде жылап жатқан көршімнің қызы есіме түсті. Енді ойлап қарасам оның бар жазығы шығыстың бір ауылында туып өскендігі екен.
Өскеменннің жоғарғы оқу орындарында білім алып алып жатқан жерлестерімнің балаларын жиі көріп тұрамын. Өздері жылына 400-500мың төлеп ақылы оқу орындарында оқып жатқанымен қоймай үш-төрттен бірігіп 50-60 мың тенгеге пәтер жалдап тұрады. Өйткені жатақханада орын жоқ. Орындарды бірінші кезекте "Серпін" бағдарламасы бойынша оңтүстіктен келіп оқып жатқан студенттерге ғана беріледі дейді.
Бір отырыста Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да сабақ беретін бір оқытушы "серпіндіктердің" көпшілігінің оқуға ниеттері жоқ екендігін айтып, ренішін білдірді. Сөйтсе сабақтан жиі қалатын бір студентке сынақ қоймай қойса керек. Содан әлгі студент астанаға Мұрат Абенов деген кісіге хабарлап, ректорға барып шулатыпты.
Сонда бұл алалаушылықтың артында кімдер тұр? Ата-заңымыздың алдында барлығының құқығымыз тең емес пе? Неліктен бүкіл мемлекет бойынша бірдей бағдарламамен білім алған орта мектеп оқушысына оңтүстікте оқығаны үшін соншама артықшылықтар беріледі? Ал сонда біздің балаларымыз олардан артық балл жинап тұрса да ақылы оқуға мәжбүр? Баласын оқытуға ақшасы жоқ отбасылар қайтпек?
"Серпін" бойынша Шығыс Қазақстанда білім алған студенттердің 90 пайызы дипломын алған соң "жылы жақтарына" тайып тұрады екен. Бір жылдары оларға пәтер бермекші де болып жатқаны есімде. Ал олардың кейін мемлекеттен алған тегін пәтерді сатып, тағы да тайып тұрмасына кім кепіл?
Егер Шығысты қазақиландырғыларың келсе алдымен  шекараның маңындағы Марқакөл мен Тарбағатай аудандарына аудан орталығы ретінде қалпына келтіріп, жұмыс орындарын ашыңдар. Алайда шығыста Қазақтардың үлес саны Ресейге жыл сайын көшіп жатқан орыстардың есебінен онсыз да артып келеді.
"Серпінге" қарап қалған жайымыз жоқ, Егер шынымен көмектескіш болсаңдар оңтүстіктік ағайындарды отбасымен бірақ көшіріп әкеліп, жері шұрайлы Шемонайха, Алтай, Риддер, Глубокое деген аудандардан бастарына баспана беріп, алдарына бағуға мал салып беріңдер.
Ал білім саласын бұған араластырып мүлде қажет емес.

Ермек Құрманғали

Пікірлер