Украинада Айдос Садықовқа қастандық жасаған екі күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

1380
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Украина бас прокуратурасы журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаевқа халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Украина Бас прокуратурасының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, екі қазақстандық журналист Айдос Садықовты өлтірмек болды деген күдікке ілінген. Оларға халықаралық іздеу жарияланды. Екеуі де адамдар тобының тапсырысы және алдын ала сөз байласуы бойынша қасақана кісі өлтіруге оқталды деп күдікке ілінді.

"Бұған дейін екі ер адамның Украинада босқын мәртебесі бар журналисті өлтіру бойынша әрекетті мұқият жоспарлағаны анықталды. Күдіктілер Украина аумағына 2 маусымда Польша-Украина шекарасынан өтіп келген. Киевте олар пәтер жалдап, көлік сатып алған. Олар жәбірленушіні біраз уақыт зерттеп бақылаған. Қылмыс жасалған күні, яғни 18 маусымда күдіктілердің бірі жәбірленушінің көлігіне жақындап, оқ атқан, ал оның сыбайласы үй маңындағы жағдайды бақылаған. Кейін олар оқиға орнынан кетіп қалған.

Күдіктілер қасақана кісі өлтіруге оқталған күні Украина аумағынан шығып, Украина мен Молдова шекарасын кесіп өткен", - деп хабарлады Украина мемлекеттік полициясы.

Киевтің Голосеев аудандық соты сырттай бұлтартпау шарасы бойынша қамауға алуды тағайындады. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Садықовқа қастандық 18 маусымда Киевтің Шевченков ауданында, жәбірленуші әйелімен бірге тұратын үйден алыс емес жерде болған. Жәбірленушінің Украинада босқын мәртебесі бар.

Бұған дейін Садықовқа қастандық жасаған күдіктілер Қазақстан азаматы екенін хабарладық.

Пікірлер