Жәкішевті босатуға байланысты соттың шешімі қандай болды?!

3505
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Семейде таңнан бастап сот отырысы жүріп жатыр. Жәкішевтің босатылуын талап еткен халық пен жақтастары өре түрегелді. Сот залына 50 ден астам адам жиналды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Мұхтар Тайжан "Жәкішевтің тұтқындалуына билік пен сыртқы күштер кінәлі" десе, бұқара елімізде саяси тұтқындар болмауы керек екенін бір ауыздан айтуда.

Сонымен сот қалай өтті?!

Жәкішевтің сот отырысында алғашқы сөзді адвокат алып, айыпталушының кінәсіз екендігіне түрлі дәлелдер келтірді. 10 жылдан бері түрмеден көз ашпаған Мұхтар Жәкішевтің соңғы кездері дертке шалдыққанын да айтты. Тіптен анасы қайтыс болғанда, топырағын салуға да бармағанын жеткізді. Ал Жәкішевтің дәрігері айыпталушының ауырып жүргендігін дәлелдейтін экспертизаларды келтірді. Түрмеде бұдан ары жатуға денсаулығы шыдамайды екен. Қысқасы, Мұхтар Жәкішев отырған колонияның басшылығы мен дәрігерлері босатылуын қалап отыр. Жәкішевте кінәсін мойындар емес. Алайда прокурор Жәкішев кінәсін мойындамағыны үшін босатылуына қарсылық білдірді. Енді соңғы сөз сотта!

Мұхтар Жәкішевті босатуға байланысты сот шешімі 17:00-де шығады!

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер