Home » Айдарлар » Қоғам » Фонограммаға тиым салынсын!

Фонограммаға тиым салынсын!

Фонограмманың қазақ өнеріне əкелетін қасіреті туралы мəселені алғаш рет 2006 жылы көтердім. Ол кезде қазақ фонограмма аферасы туралы білмейтін. Сол кезде көп ел мені жазғыратын, ішінде “көре алмайсыңдар” деген сияқты небір кең тараған қазақы реніштер де кетіп қалатын. Кейін маған ренжігіштер əлгі фанерщиктерге менен бетер өш болды.

Өйткені фанерщиктердің өнерді арамдағаны жайында, əншілікті қорлағаны жайында тынымсыз айта бердім, жаза бердім. Бұл масқара жайында газет беттерінде дабыл қақтым, радиодан аттандадым, телестудияларда жаға жыртыстым, сыраханаларда өзеуредім, жағалауда күнге қыздырынып жатып “ағартушылық” жұмыстарын жүргіздім, сұлулармен сырласып отырып, құлағына құйдым, таксиде келе жатып фанерщиктердің алаяқтығы жайында небір сұмдықтар айттым. (Өйткені таксист бейшаралар ылғи фанершиктерді тыңдайды екен) Үйіме кісі шақырсам да, арасында фанерщиктердің қазақ қоғамына зияны жайында өзекті мəселер көтеріп қонақтарымның “миын жедім”. Содан бері, міне 13 жыл өте шығыпты. Мен фанерщиктердің ата жауына айналдым. Олар да мені ата жауынан əрмəн жек көрді.

Жек көре берсін! Күндерің бітуге таяу, фанерщиктер! Өйткені сендер өнерді өрісінен адастырдыңдар. Сендердің кесірлеріңнен халықтың талғамы азды, теледидарда сансыз сайқымазақ шоулар қаптады. Ел сендердің ауыз жыбырлатқандарыңа елтіп отырғанда ұры билік 20 жылда қазақты тонап кетті. Тоналғанын, алданғанын енді біліп, ойбайлап жатыр, аттандап жатыр. Бірақ іс бітіп, қу кеткен соң, сан соққаннан не пайда. Тезірек шықсқа екен, заң!
Актоты Рахметоллақызы, егер Сіз Мəдениет Министрі ретінде фонограмманы заңмен реттеп берсеңіз, есіміңіз қазақ өнерінің тарихына алтын əріптермен жазылмақ!

Ерлан Төлеутай 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Қазақстанда соңғы жылдары даму тоқтады…

Негізі Өзбекстанда президент ауысқалы күрделі өзгерістер бар. Ел даму мен жаңаруға бет алды. Бізде соңғы ...