Ресейдегі бауырлар

3673
Adyrna.kz Telegram

Ресейдегі Түмен облысының күнгейінде "сібір татары" деген халық тұрады. Бұлар тұтас аудандарды жайлап тұрады екен.
Бұл халықтың этногенезі екі халықтан құралады - қазақтар мен қазан татарларынан. Саны 400 мыңға жуықтап қалатын сібір татарларының бір жартысының түр - пішіні қазаққа, екіншісі бұлғарларға (қазан татары) келеді.
Қазақ пен тәжікті қосақтап бір шаңыраққа араластырып оның нәтижесін қарасаңыз, не көруге болады? Бүгінгі өзбекстан өзбегін көресіз. Ал мына жерде қазақ пен бұлғардың буданы өздерін сібір татарымыз дейді. Қайда кетіп кіммен қосылмаған бұл қандастарымыз, қайда кетпеген қазақ. 


Бұлардың қазақ пішіндесіне "сіздер қазақ емессіздер ме?" десеңіз, "жо жоқ, біздің түбіміз орта азия, бұқара самарқан жақтан" дейді. Түрлері кәдімгі қазақ. Бауырсақ пісіріп жүр. Наурыз айы келсе біздің батыс қазақтары сияқты амал мерекесін тойлап, көрісу жасап, шашу шашып жүр. Бұлар амал мейрамы келсе үй аралап "амал амал" деп айқайлайды екен.
Бұлардың екіншісі жартысы сары пішін бұлғар татарлары дедім ғой, солар өз қандастары қазан татарларына қатты бұрады екен. Бұлардың мәдениетіне, тіліне, тұрмыс салтына осы қазан татарлары қатты ықпал еткенге ұқсайды. Осы сібір татары деген халыққа қазір сол қазан татарлары бас - көз болып отырған көрінеді. Олар өз кезегінде "сендер біздің бір бөлшегіміз" дегеннен басқа не деуші еді.
Бұлардың қысық көз қараторыларына қарап, мен де "бұлар негізі біздікі еді" дегім келеді.
Бірақ шынайы тарихынан ажырап қалған бұлар, "құрамымызда сарт деген рулар бар, біздің түбіміз бұқара жақ" деп өздері ләйліп кетеді, қазақпыз деуге құлықсыз. Сарт біздің құрамымызда да бар ғой, оның сауда істеп, дін таратып баспаған жері жоқ. 


Баяғыда Көшім хан мен бұқаралық Абдолла хандар Шибан әулеті бір ұрықтан тараған хандар ретінде мемлекетаралық байланысы қатты болған еді. Сол кезде біраз сарт Сібірге кеткен, содан сол жақта сіңіп рулы ел боп кетті. Ал қалған сығыр сібір татары өзіміздің қаннан, шежіре ұстаған қазақ тектес халық.
Бірақ бүгін бізде оны түгендеп жатқан кім бар, бұлғарлар басыбайлы иемденіп отыр.
Қысқасы, біліп жүргейсіздер, теріскейде осындай жақын бауыр бар.

Олжас Әбіл

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер