8 желтоқсан «Тәуелсіздікке тарту» байқауының ақтық сыны өтеді

1184
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

8-қараша күні Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тарту» атты облыстық жас айтыскерлер мен жыршы-термешілер байқауының ақтық сыны өтті.

Жобаның басты идеясы - Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының жанынан ашылған «Айтыс» және «Жыр-терме» мектептері тәрбиеленушілерінің өнерін шыңдау, талантты өнерпаздардың басын бір арнаға тоғыстыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, насихаттау және өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету.

Ережеге сәйкес, байқауға Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының жанынан ашылған «Айтыс» және «Жыр-терме» мектептерінің тәрбиеленушілері қатыстырылуы міндеттелген болатын. 14-қараша Қонаев қаласында өткен ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНЕ 9 аудан 1 қаладан өтінім түсіп, 30 өнерпаз қатысты.

Байқауға әр ауданнан жасақталған командалар Таныстыру (Таныстыру орындайтын қатысушы өз командасын, өз аймағын, ауданның тарихын, жетістіктерін, танымал  тұлғаларды жырға қосып, таныстырады), Жыр-терме (эпостық жырдан үзінді, батырлар жырынан үзінді немесе терме орындалады. Жырға басымдылық беріледі) Ақындар айтысы (тақырып - Тәуелсіздік) номинациялары бойынша қатысып, АҚТЫҚ СЫНҒА үздік деп танылған 4 команда (Еңбекшіқазақ ауданы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауданы, Райымбек ауданы) жолдама алды.

Аталмыш шараның ақтық сыны 2023 ж. 8-желтоқсан, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық  музейінде (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) өтеді деп жоспарлануда.

Пікірлер