Тағы да апат. Қазақмыс кенішінде екі жұмысшы қаза тапты

2112
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Бүгін Жамбыл облысындағы Жайсан кенішінде апат болды. Оқиға орнында екі жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы компания мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылғы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады”, деп жазды компания. 

Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 22 қарашада Жезқазғандағы №2 өңдеу зауытында орын алған апат туралы хабарлаған едік. Оқиға кезінде машинист жан түршігерлік жарақат алып, жедел жәрдем оның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Пікірлер