Сот шымкенттік полицейдің арызы бойынша журналистің үстінен қозғалған істі тоқтатты

1352
Adyrna.kz Telegram
Фото: журналист Марина Низовкинаның инстаграм парақшасынан
Фото: журналист Марина Низовкинаның инстаграм парақшасынан

10 қараша күні Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік соты «Жала жабу» бабымен сотқа тартылған журналист Марина Низовкинаның ісін тоқтатты. Бұл туралы «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Низовкина Марина Викторовнаға қатысты ҚР ӘҚБтК 2 – бөлігінің 3-тармағының 73-бабы бойынша қозғалған әкімшілік іс тоқтатылсын», - деп қаулыны судья Серік Ниязбек жариялады.

Ермахан Әбдіраманов Марина Низовкинаны адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыптаған болатын. Әлеуметтік желідегі екі жарияланым сотқа дейін жеткен.

«2023 жылдың 11 қыркүйегінде инспекторлар полиция бастығын көлікті жалған нөмірмен жүргізген деген күдікпен тоқтатқан. Ал 2023 жылдың 13 шілдесінде ол өзінің фотосуреті бар «жалған жазбаны» көрген», – деп хабарлайды Қор.

Журналист Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институтының «ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығына» жүгінді және сарапшылар полицейдің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін теріс мәліметтер жоқ деген қорытындыға келді.

Айталық, аталған іс шілде айында Шымкент қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Ермахан Әбдіраманов журналист Марина Низовкинаны жала жапты деп айыптаған. Бұған журналистің Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланған екі жазбасы себеп болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер