Түркияда Мұстафа Шоқай туралы кітап 4 тілге аударылды

1484
Adyrna.kz Telegram

Ыстанбұлда “Шаңырақ” Қазақ орталығында Қазақ профессоры Әбдіуақап Қараның “Мұстафа Шоқай” туралы кітабы 4 тілге аударылды. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс сүйіншіледі.

“Осыдан аз уақыт бұрын Түркия мемлекетінің 100 жылдығы құрметіне “ 100 тұлға” топтамасымен шығарылған 100 кітаптың ішінде тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қараның Мұстафа Шоқай туралы кітабының Түрікше аудармасының тұсау кесер шарасы Түркия мәдениет министірі Мехмет Нури Сой өткізген болса, әрі қарай Күчүкчекмеже ауданындағы Қазақстан Мәдениет және Сауда орталығында төраға Ғанимет Ғайсаұлы және Ержан Уәйістің ұйымдастыруымен өтті. Ыстанбұлдағы диаспорасының өкілдері және осында оқитын студент жастардың қатысуымен кітаптың керме жібі кесілді. Кітап авторы профессор Ә.Қара екі тілде түсініктеме жасады. Міне, енді ғалым қаламгер Ә.Қараның М.Шоқай туралы кітабы 4 тілге аударылып отыр” деп жазды Ержан Уәйіс.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер