Аузын тігіп тастаған Жыланбаевтың тігісін алғаны хабарланды

2518
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Аузын тігіп тастаған марафоншы, Азаматтық белсенді, "Алға, Қазақстан!" саяси партиясын құрушы бастамашыл топтың жетекшісі Марат Жыланбаев тігісін алғаны хабарланды. Бұл туралы ҚазТАГ жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«1 қарашада сотталушы М.Т.Жыланбаев аузын жіппен тігіп, тамақтан бас тарту туралы арыз берген. Ол өз әрекетін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2 қарашаға белгіленген жабық сот отырысын өткізуімен келіспейтіндігімен түсіндіреді», - деп хабарлады бейсенбі күні департаменттің баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, Жыланбаевтың «мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне шағымы жоқ».

«Сол күні мекеме басшылығымен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы М.Т.Жыланбаев тігісін алып тастады. Медициналық куәландыру кезінде Жыланбаев Мараттың денсаулығына шағымы жоқ, жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ол қосымша тексерулерден және медициналық мамандардың кеңесінен бас тартты», - деп толықтырды ведомстводан.

Еске салайық, Жыланбаевқа"экстремистік ұйымның жұмысына қатысты, оны қаржыландырды" дейтін айып тағылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер