Астанада өртсөндіруші Асқар Забикулиннің ескерткіші ашылды

1226
Adyrna.kz Telegram
фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада өртсөндіруші Асқар Забикулиннің бюсті орнатылды. Бұл туралы Астана әкімдігі жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Астана ТЖД мәліметінше, № 6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

Ескерткіштің ашылу шарасына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, гарнизон басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Асқардың туыстары мен жақындары қатысқан.

"Әрбір адамның өмірі баға жетпес құнды, мемлекеттің стратегиясы ең алдымен азаматтарды қорғауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған. Сол себепті құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің еңбегі аса маңызды болып табылады. Бұл ескерткіш – Асқардың өжеттігінің, жанқиярлығы мен адалдығының белгісі. Бүгін біздің көңіліміз түсіп қайғырып, сонымен қатар, барлығымыз үшін үлгі болатын ерлікке деген шексіз құрметпен пен таңдануға куә болып тұрмыз. Оның жасаған ерлігі азаматтарымыздың қауіпсіздігі жолындағы күресте біздерге күш пен қуат беретін үлгі болсын. Асқар Забикулин біздің әріптесіміз ғана емес, сүйікті ұл, жар және әке болды және оның өмірден өтуі біздің жүрегімізге жазылмас жара салды. Біз оны әрқашан еңбекқор, ақылды және сүйіспеншілікке толы адам ретінде есте сақтаймыз", - деді Сырым Шәріпханов өз сөзінде.

Ескерткіш тақтадан ақ жамылғыны алып тастағаннан кейін, жиналғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Биіктігі үш метр болатын ескерткіште Аскардың бюсті қоладан, ал төменгі бөлігі мәрмәрдан жасалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер