"Жағдай ушығып барады". Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXI отырысы басталды

2415
Adyrna.kz Telegram

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХІ отырысы басталды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Отырыс Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігімен өтуде. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиынға қатысушы әлемдік діндер көшбасшыларына арнаған арнайы құттықтауын айтты.

«Баршаңызды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының 21-ші отырысының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл бастама қысқа уақыт ішінде өзінің өзектілігін дәлелдеп, өркениетаралық диалогтың маңызды алаңына айналды. Форум діндер арасындағы достық пен келісімді нығайтуға, бүкіл адамзаттың өзекті мәселелерін шешуге және төзімділікті насихаттауға әрқашан өз үлесін қосып келеді.», - делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы атап өткендей, кездесулер барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келген рухани көшбасшылар әлем жұртшылығын толғандырып жүрген өзекті мәселелерді талқылап, бейбітшілікті сақтау және өзара сыйластықты арттыру жөнінде ой бөлісті.

"Бүгінде геосаяси жағдай ушығып, түрлі қауіп-қатерлер күшейіп келеді. Қазіргі қиын кезеңде адамгершілік, мейірімділік, бауырластық, жауапкершілік қағидаттарының маңызы артып келеді. Сондай-ақ халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру маңызды мәселеге айналып отыр. Ол үшін бейбітшілікке шақыратын дүниежүзілік қозғалыс қажет. Сонымен қатар діндер маңызды рөл атқарады. Осы мәселелерді шешуге рухани көшбасшылар үлкен үлес қосуда. Осы мақсатта хатшылық съездің отырысы ұйымдастырылады. Қазақстан әрқашан дінаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты қолдайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының 21-ші отырысының барлық жетекшілеріне жемісті жұмыс тілеймін», - делінген Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

 

Пікірлер