Юлия Путинцева Гонконгтағы жарыста жеңіліп қалды

2419
Adyrna.kz Telegram
фото: LiveResult
фото: LiveResult

Қазақстанның екінші, әлемнің 68-ракеткасы Юлия Путинцева Гонконг WTA 250 турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы - ресейлік Анна Блинковамен кездесті.

Бірінші партияда ресейлік спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Путинцева есе қайырды - 6:2.

Үшінші, шешуші сетте есеп 1:5 болған сәтте қазақстандық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Бір сағат 53 минутқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Блинкова 3 эйс, 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тағы бір қазақстандық, іріктеу сайыстарынан сәтті өткен, рейтингте 1016-сатыдағы Анна Данилина алғашқы айналымда әлемнің 70-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Фрешпен ойнайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер