Келесі жылдан бастап балалар шотына доллармен қаражат түсіп отырады

1705
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қор балалар шотына жиналатын қаржыға қатысты сауалдарға жауап берді, деп жазады "Адырна". Бұл туралы депутат Дәулет Мұқаев өзінің парақшасында бөлісті. 

"Ұлттық қор - балаларға" жобасы кәмелетке толмаған әрбір қазақстандық бала Ұлттық қордан өз үлесін алуға құқылы екені айтылды.

Болжам бойынша 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады. Алайда бұл сома Ұлттық қордың кірістілігіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бағдарламаға 17 жастан бастап қосылған баланың шотына бір жыл ішінде небәрі 100-150 доллар түседі.

Жыл сайынғы аударымдарды есептеу үшін Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісі есепке алынады. Инвестициялық табыстың 50 пайызы кәмелетке толмаған балалар арасында теңдей бөлінеді.

Егер бала 18 жасқа толғаннан кейін жиналған ақшасын алмаса, ол шотта 10 жыл бойы сақталады. Он жылдан кейін де қажет болмаса, қаржы сол адамның зейнетақы шотына аударылады.

Ал бала қайтыс болған жағдайда қаражат туған бауырлары арасында бөлінеді немесе ата-анасына беріледі.

Сондай-ақ, шот ашу үшін ешқайда барудың қажеті жоқтығы сөз етілді. Шот келер жылы автоматты түрде ашылады.

18 жыл бойы теңгемен жиналған ақшаның құнсыздану деңгейі жоғары. Әрі девальвациялық тәуекелдер басым болғандықтан қорға қаражат долларлап аударылатн болады.

Жиналған қаражатты баспана алуға жарна ретінде және білімге жұмсауға болады.

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 18 жасқа дейінгі 6 млн 700 мың бала бар екен. "Ұлттық қор – балаларға" жобасы 2024 жылы 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын былтыр қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған жолдауында президент ұсынған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев әр отбасы елдің ұлттық байлығынан өз үлесін алуы керек екенін мәлімдеді.
Пікірлер