Азия ойындары - 2023. Екі қазақстандық қола медальға ие болды

5276
Adyrna.kz Telegram
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы екі қазақстандық қола медальға ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Тимофей Емельянов - Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз байдаркада және каноэде есу бойынша MC1 1000 м бағдарламасында 3-ші орын алды.

Сонымен қатар Тубаев Кирилл - Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол да байдаркада және каноэде есу бойынша МК1 1000 м дисциплинасында 3-ші орын алды.

Айта кетейік, қазір ел құрамасы еншісінде 31 медаль (3 алтын, 5 күміс, 23 қола) бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.

Бұл жөнінен Қытай 241 медаль алып, (130 алтын, 72 күміс, 39 қола) көш бастаған. Одан кейінгі орындар Оңтүстік Корея (124 медаль: 30 алтын, 35 күміс, 59 қола), Жапония (111 медаль: 29 алтын, 41 күміс, 41 қола) еншісінде.

 

Пікірлер