Сәләфилер ме, жоқ па? Атырауда қыздарға арналған жеке мектеп жұмысын жалғастыруда

2904
Adyrna.kz Telegram

Атырауда сәләфиттік ағымның негіздерін үйрететін «Ұлттық әйелдер мектебі» жыл бойы жұмыс істеп келеді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот оны жабу туралы шешім шығарғанымен, мекеме әлі де жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды "Адырна" Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеп. Жағдайды Атырау облысы Білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бердібек Тайышев айтып берді. 

Атырауда жекеменшік «ұлттық әйелдер мектебі» ашылғаны 2022 жылдың қыркүйегінде белгілі болды. Қоғам белсендісі Нұргүл Мұқышеваның айтуынша, мұндағы оқушылар хиджаб киеді.

«Бұл мектепке Атырау облысының тұрғыны Жұмазия Жолмұханова жетекшілік етіп тағайындалды. Ең сорақысы, Жолмұханов Қанкерейдің қызы, мектеп директоры Жолмұханова Жұмазияның інісі Жұлдыз Қанкерейқызы және күйеу баласы Мұратбеков Абзал 2015 жылы Сириядағы соғыс қимылдарына қатысып, екеуі де 2019 жылы қаза тапты».

Бердібек Тайышевтың айтуынша, бұл мектепте қазір 117 қыз білім алуда.

«Жалпы, 2022 жылы өтініш берген барлық заңды тұлғаларға мемлекеттік лицензиялар берілді. Бүгінде бір ғана жекеменшік мектеп лицензиясыз жұмыс істейді, бұл «Ұлттық әйелдер мектебі» ЖШС. Алайда 13 шілдеде Атырау облыстық сотының шешімімен мектеп қызметі тоқтатылды. Бірақ, ЖШС аппеляциялық шағым түсіріп, оны жеңіп алды».

Белсенді Нұргүл Мұқышева салафиттердің Қазақстандағы мектептерді зайырлы форматта оқытуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтады. Олар мектеп формасын ұстанғысы келмейді, мектепке хиджабпен арабша киіммен жүргенді жөн көреді. Ал бұл білім беру жүйесі зайырлылық қағидаттар бойынша оқытылып жатқанымен, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетінін білдірді.

"Сәләфилік бағыттағы оқу орындарының қатары көбейіп кету қаупі бар. Мұндай діни орта түрлі қақтығыстардың туындауына ықпал етуі мүмкін. Осыған орай, жоғарыда аталған фактілерге сілтеме жасай отырып, ҚР Білім министрі А.Аймағамбетовтен осы мемлекеттік емес «Сәләфит қыздар мектебіне» лицензия бермеуді және дереу жабуды сұраймын», - дейді белсенді.

Өткен жылы облыстық білім басқармасы бұл мекемені тексеріп, лицензиясыз жұмыс істеп тұрғанын анықтаған.

Оқушы қыздардың жартысы намазхандар отбасына жатады, бірақ соған қарамастан сабақ кезінде орамал тағуға қатаң тыйым салынады.

Кейбір ата-аналарға мектептегі тәртіп ұнайды, солардың бірі Гүлнар Өтепбергенова.

«Менің немерем 4-сыныпта оқиды. Біз діндар отбасымыз, балаларымыздың жақсы жерде оқығанын қалаймыз. Біз бұл мектепті мұқият зерттеп, балаға білім бергіміз келеді. Басқа мекемелерде кейбір қыздар көшедегі үлкендерден еш айырмашылығы жоқ тырнақ, кірпік өсіреді. Бірақ бұл жерде бәрі өз қалауынша, сонымен қатар мұғалімдердің дұрыс тәрбие береді, өйткені мектеп тек қыздарға арналған».

Пікірлер