«Әміре» фильмі жүлде ұтып алды

1696
Adyrna.kz Telegram

«Әміре» фильмі жүлде ұтып алды

«Әміре» көркем фильмі АҚШ-та өткен Richmond International Film &
Music Festival кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды. «Үздік оқиғалы
фильм» және фильмде басты рөлді сомдаған Санжар Мәди «Үздік актер»
атанды. Аталған картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің
тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы мен «DAR Play» компаниясы
бірігіп түсірген болатын.
Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре
Қашаубаевтың қамшының сабындай  қысқа ғұмырын баяндайды. 1925 жылы
Парижде өткен музыкалық байқауда қазақтың әні мен домбырасын әлемге
танытқан 36 жасар Әміре көрерменді таңғалдырған болатын. Фильмде сол
Париж сапары көрсетіледі. Сондай-ақ Әміре Қашаубаевтың танымал
америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс табады.
Richmond International Film & Music Festival – АҚШ-та өтетін ауқымды
халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік
заманауи фильмдерді жыл сайын алып келетін кинофорум. Былтыр «Әміре»
фильмі бірнеше жүлделерге қол жеткізген. Атап айтар болсақ: Hollywood Film
Festival кинофестивалінде “Best Global Hollywood Film” жүлдесі, сонымен қатар,
Panasonic компаниясы атынан арнайы сыйлық, және Грузияда өткен Golden Eye
Халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде арнайы жүлдемен
марапатталған.

Эльенора Әмір

Пікірлер