“Алматы - Екатеринбург” тас жолында жол апаты болды. 3 адам көз жұмды

2376
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы – Екатеринбург» тас жолында 15 тамыз күні жол-көлік оқиғасы болды. Қайғылы жағдай Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы кентінен 50 шақырым жерде орын алған.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатынан 41 жастағы «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі және оның екі жолаушысы оқиға орынында көз жұмған. Ал «Шевроле Кобальт» автокөлігінің жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жыл 74 мыңнан астам жол-көлік апаты болған. Салдарынан 11 193 адам қаза тапты. Оның ішінде 8212 ер адам, 2974 әйел, 1093 бала мерт болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер