Әблязов Франциядан шығарыла ма? Бас прокуратура пікір білдірді

1822
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратурада Мұхтар Әблязовке 30 күннен кейін Франциядан шығу ұйғарымы берілгені туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы ведомство мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Франция билігінің М.Әблязовты елден шығару туралы шешім қабылдады делінген ақпаратқа қатысты бұл деректі растайтын немесе терістейтін сенімді мәліметінің жоқ екендігін хабарлайды, - деп атап өтті аталған ведомство агенттіктің ресми сауалына орай.

Сондай-ақ, бас прокуратура шетелдік азматтарды елден шығару мәселесі, олардың көші-қон заңнамасын сақтауы Француз Республикасының ғана ішкі ісі екендігін атап өтеді.

Мемлекеттік орган Мұхтар Әблязов ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде жүргенін айтты. Бас прокуратура өкілетті орган ретінде Әблязовты экстрадициялау бойынша қылмыстық процессуалдық заңнамада және халықаралық шарттарда көзделген шараларды қабылдап жатыр.

Бұған қоса, ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеу, оның ішінде қылмыстық іс бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастыққа қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды. Сондықтан сіздердің сауалдарыңызға қатысты жан-жақты ақпарат қазіргі уақытта берілмейді, - деп түсіндіреді ведомстводан.

Пікірлер