Қалада жүрген қазақтың тең жартысы квартирант

1772

Косарев деген кәрі коммунист пәтер жалдап жүргендерді «проходимец» деп атап, бүкіл халыққа тіл тигізіп отыр. Қалада жүрген қазақтың тең жартысы әлі квартирада тұрады.

Астанаға командировкамен келетін, емделу үшін, басқа да жұмыстармен келетін қаншама адам бар. Оның бәрі қайда барып түнейді, отельге бара ма? Өткендегі өтірік жылаған депутаттардың біреуі «Биай груп» салған үйдің бір подьезіндегі пәтерді түгел сатып алыпты. Аузынан ақ май ағып жүрген бұлардың өзі халықты түсінбейтін проходимецтер шетінен. Керек десеңіз, квартира беретіндердің өзі де сөйтіп күн көріп жүргендер. Косарев мырза, сіз тіл тигізіп отырған «проходимецтер» сіз бен сіздің әріптестеріңіздің бүкіл шығынын мойнымен көтеріп отыр. Оларға масыл болмай, орныңызды босатыңыз. Нағыз проходимец қара халық емес, алжығанша орнында отырған сіздерсіздер!

Жолымбет Мәкіш

Пікірлер