Қазақ күресі Олимпиада ойындарының тізіміне енуі мүмкін

1791
Adyrna.kz Telegram

Келешекте ұлттық қазақ күресі халықаралық олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін. Бүгінде бұл бағытта келіссіөздер жүріп жатыр. Бұл хақында «Қазақстан барысы» қорының ресми өкілі Диас Ахметшәріп баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақ күресінің келешегі жайында:

«Қазақстан барысы» турнирін халықаралық деңгейге шығару бойынша бүгінге дейін ұлттық спорт түрлерін кеңінен дәріптеп келеміз. Мысалы, жапондықтардың сумо күресі, татарлардың белдесу күресі, ал бізде қазақ күресі бар. Біздің басты мақсат – қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу. Бүгінде қазақ күресі елімізбен қатар алыс-жақын шетелде танымал. «Қазақстан барысынан» бөлек Еуразия және әлем барысын өткізіп келеміз», - деді Диас Ахметшәріп елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазақ күресін халықаралық аренаға шығаратын уақыт келді. Сонымен қатар, Диас Ахметшәріп қай жылғы Олимпиада ойындарында қазақ күресіне жанкүйер бола алатынымызды болжады:

«Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Мүмкін 2028 жылы, мүмкін 2032 жылы болып қалар», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер