ЕРЖАН ТӘЛІП: Барлық жерде оқуға құжат қабылдау жүріп жатыр ғой. Толық емес отбасыға бөлінетін жеңілдікке ие болу үшін әкеңнің немесе шешеңнің қайтқанына үш жыл толуы керек.

2249
Adyrna.kz Telegram
Толық оқып шығыңыздаршы...
Барлық жерде оқуға құжат қабылдау жүріп жатыр ғой. Белгілі бір санаттағы азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған оқуға түсу үшін. Сол жеңілдіктердің ішінде бір дурацкий пункт бар. Толық емес отбасыға бөлінетін жеңілдікке ие болу үшін әкеңнің немесе шешеңнің қайтқанына үш жыл толуы керек. Бұны қай ақымақ ойлап тапқанын?
Кеше бір ана келген. Күйеуі қайтқанына үш ай болыпты. Қандай жеңілдік бар деп сұрады. Бағанағы заң талабын, дурацкий заң екенін қан жылап отырып түсіндірсем, ана әйел де жылап қалды:
- Маған көмек қазір керек қой. Үш жылға дейін тіріліп келеді деп ойлай ма? Тіріліп келсе, нем бар жеңілдік сұрап? - деп жанары жасқа толды.
Осындай дурацкий заңдар шығарып отырып 800 мың айлық аз дейтіндерін қайтерсің депутаттардың?
Ринат Заитов, Samat Nordman Nurtaza, Абзал Құспан осы бір заңдағы олқылықты түзеуге бола ма, болмай ма? Жаңа Қазақстанға деген үмітіміз үлбіреп сөнуге айналды а так...
Пікірлер