23 маусым - Қазақстан полициясы күні

2572
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - Қазақстан полициясы күні, деп хабарлайды “Адырна”.

Қазақстан полициясы – еліміздегі құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  маңызды құрылым.

Еліміз тәуелсіздігін жариялаған соң, 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдады. Заң аясында Қазақстан Республикасы полициясының қызметі мен атқарар міндеті жазылған алғашқы құқықтық акт болды.
Ал кәсіби мереке 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен “23 маусым - Полиция күні” деп бекітілді. Елімізде 16 жылдан бері тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі тойлануда.

Атқарар қызметі мен артылар жауапкершілігі жоғары бұл сала мамандары күні-түні халықтың тыныштығын күзетіп, шекарамызды қорғап келеді. Абыройлы міндеттеріңізге табыс тілейміз!

Пікірлер