Астана жастары "опырылып жатқан" жаяу жүргіншілер жолының мәселесін көтерді

1904
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы елордадағы жаяу жүргіншілер жолының "сұмдық" күйін көрсетті, деп хабарлайды "Адырна". Видео әлеуметтік желіде жарияланды. 

Видео авторларының айтуынша Астана көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолының опырылып жатқанына біраз болған. Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы көшелерге ревизия жүргізу дейді белсенділер.

Айтматов көшесіндегі шұңқырларға мысқылдап видео түсіріп, әкімдіктің назар салуын сұрауда.

"Жаңа мәселелерді іздеу және ескілердің қаншалықты шешіліп жатқанын тексеру - қаланы көркейту формуламыз. Біз бірлесіп, барлық қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді ескеріп, барлығына қауіпсіз және жайлы қалалық ортаны құра аламыз. Біздің «Қала» азаматтық науқанымызға қосылыңыз, Профиль тақырыбындағы сілтемеге қалалық инфрақұрылымның жетілмегендіктерін жіберіңіз. Міндетті түрде тексеріп, оларды қала әкімшілігіне жіберіп, жөндеу жұмыстарын бақылаймыз" деп жазды олар.

 

Пікірлер