Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның дамуына мүмкіндік береді — Тоқаев

2619
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның орнықты дамуына мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қытай – әлемдегі аса ірі инвестор және жаһандық экономиканың көшін бастап тұрған мемлекеттердің бірі. Сондықтан, Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның орнықты дамуына мүмкіндік береді.

Орталық Азия елдерінің әлеуетін Қытайдың орасан зор экономикалық қуатымен ұштастыру аса маңызды. Бұл қадам көп қырлы серіктeстігімізге тың серпін берері сөзсіз. Біздің еліміз осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын»,—деді ол.

Баяндама барысында Мемлекет басшысы мемлеттер арасындағы ортақ мүддеге сай келетін ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына тоқталды.

Олар:
1. Тауар айналымын арттыру;
2. Электронды сауда саласында өзара алыс-берісті ұлғайту;
3. Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту;
4. Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту;
5. Энергетика саласындағы, оның ішінде, мұнай-газ секторындағы қарым-қатынасты дамыту;
6. Ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты дамыту;
7. Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану;
8. Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту;
9. Аймақтың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер