«Барыс» хоккейшілерінің жалақысы белгілі болды

5117
Adyrna.kz Telegram

«Спорт-Экспресс» порталы алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын спортшылардың маусымдық жалақысын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өткен маусымда «Барыс» хоккей клубындағы ең көп жалақыны, яғни 50 миллион рубльді (278,73 миллион теңге) Линден Вей мен Никита Михайлис алған.

Одан кейін Алекс Грант 45 млн рубль (250,85 млн теңге), Майкл Шапю — 26 млн рубль (144,94 млн. теңге), Крис Биграс, Юлиус Гудачек пен Энтони Луис — 25 млн рубль (139,36 млн теңге), Джесси Грэм — 23 млн рубль (128,21 млн теңге), Джереми Бракко — 22 млн рубль (122,64 млн теңге), Иван Мищенко мен Нельсон Ножье — 18 млн рубль (100,34 млн теңге), ал Кирилл Савицкий мен Антон Сагадеев — 13 млн рубль (72,47 млн теңге) көлемінде еңбекақы алады.

Сондай-ақ Михаил Григорьев және Кирилл Максимовке – 10 млн рубль (55,75 млн теңге), Әлихан Әсетов пен Егор Шалаповқа – 9 млн рубль (50,17 млн теңге), Никита Бояркинге – 8 млн рубль (44,60 млн теңге), Егор Петухов және Аркадий Шестаковқа – 6 млн рубль (33,45 млн теңге), Самат Данияр, Михаил Рахманов пен Юрий Сергиенкоға – 5 млн рубль (27,87 млн теңге), Әділ Бекетаев, Дмитрий Гурков және Андрей Шутовқа – 4 млн рубльден (22,30 млн теңге), Тамирлан Гайтамировке – 3 млн рубль (16,72 млн теңге) жалақы төленеді.

«Спорт-Экспресс» ұсынған ақпаратқа сүйенсек, хоккейшілердің ең төменгі айлығы  1 млн рубльді (5,57 млн теңге) құрайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер