Германияға босқындардың "шектен тыс" көп келуіне байланысты халық жаппай көшеге шықты

2569
Adyrna.kz Telegram

Германияны паналауды көздеген босқындар мен мигранттардың көптігіне байланысты ел наразылығы күннен күнге артып келеді. Босқындардың Германияны "баспана" көруіне қарсы шерулер жиілеп, халық жаппай көшеге шықты. Бұл туралы Le Figaro газеті хабарлайды, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

Германияға өткен жылы миллионға жуық украиналықтар келген. Ауғанстан мен Сириядан сапар шеккен мигранттардың да ағысы үдеп, толастамай тұр. Алман азаматтары жеке басының қауіпсіздігі мен тұрғын үйлердің жетіспеушілігін қатты уайымдайды.

Олар "шегінен асқан қонақжайлықтың" басқа бәле болатынын айтып, көшеге шықты. Бұл құбылыс елдегі жағдайды тіптен ушықтырып жіберді.

Бұрын Германияда уақытша тұрған украиндар елдің шығысы,  Саксония тұрғындарының, агрессивті мінез-құлқына шағымданған. Атап айтқанда, жергілікті халық босқындарға қорлық көрсетіп, мүлкін бұзғаны хабарланды.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер