Алматы қаласында "Халықтық парламенттің" алғашқы жиыны басталды. "Халықтық парламент" саясаткерлерден, журналистер мен экономистер, заңгерлерден құралған. Бас ұйымдастырушы - Мұхтар Тайжан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде "Халықтық парламенттің" жиыны басталғаны туралы ақпарат тарады. Баламалы бас билік ұйымының құрамында Мұхтар Тажан, Арман Шораев, Рысбек Сәрсенбай, Инга Иманбай, Санжар Боқаев сынды елге танымал азаматтар бар.
"Халықтық парламенттің" құрамы
Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан өзін отырыстың ұйымдастырушысы ретінде хабарлап, жиын жоспарымен таныстырды. Жиын жоспары төмендегіден тақырыптардан тұрады.
"Халықтың парламенттің" алғашқы отырысы:Алматы қаласы, Қазақстан қонақ үйі, 01.04.23.9.30-9.35. - Ұйымдастырушы Мұхтар ТАЙЖАН кіріспе сөзі9.35-9.40 - Рысбек СӘРСЕНБАЙ: "Халықтық Парламенттің» мақсаттары мен міндеттері"9.40-9.45 - Инга ИМАНБАЙ: «Халықтық парламент болашағына көзқарас және саяси тұтқындар мәселесі»9.45-9.50 - Оразалы ЕРЖАНОВ: «О республиканском референдуме»9.50-9.55 - Маржан АСПАНДИЯРОВА: «Заң бұзушылық жоғарыдан басталды"9.55-10.00 – Арайлым НАЗАРОВА: «Тәуелсіз байқаушылар мен сенімді өкілдердің құқықтарының бұзылуы»10.00-10.05 – Ерлан ҚАЛИЕВ: «Фальсификации выборов в области Абай, необходимость и законные пути приостановления деятельности партии Аманат"10.05-10.10 Батыр АДАЙБАЕВ: «Саяси реформалар: нақты не өзгеру керек?"10.10-10.15 Айман ТҰРСЫНҚАН: «Консолидация независимых кандидатов: обучение маслихатов для региональных выборов 45 акимов»10.15-10.20 Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ: «Как из проигранной битвы за Парламент сделать выигранную войну за Казахстан!»10.20-10.25 Лұқпан АХМЕДЬЯРОВ «Заведомо неравные условия агитации для самовыдвиженцев и кандидатов от власти. Применение адмресурса»10.25-10.30 Альнур ИЛЬЯШЕВ: «Мирные формы понуждения властей к пересмотру итогов выборов и назначения повторных выборов»10.30-10.35. Нұржан ӘЛТАЕВ: «Последние действия и беззаконие властей - угроза потери государсвенности в Казахстане»10.35-10.40 Аида АЛЬЖАНОВА: «Технический регламент, нарушающий конституционные права граждан»10.40-10.45 Сұрақтар, жауаптар, еркін микрофон.12.45-13.00 Жиналыстың қорытындысы.
Инга Иманбай саяси тұтқындардың тақырыбын көтерді. Ол Жанболат Мамай, Қалас Нұрпейісов, Данат Намазбаев, Ермек Нарымбай және басқаларды босатпаған жағдайда құр қарап отырмау керектігін, бұған барлық жолдармен, соның ішінде митингтерге шығу арқылы қол жеткізу керек екендігін айтты.
Лұқпан Ахмедьяров өзін-өзі ұсынушылар мен биліктен дәмелі үміткерлер үшін үгіт-насихаттың тең емес шарттары туралы айтты.
Рысбек Сәрсенбайұлы "Халық парламенті" мақсаттарынын түсіндірді, оның ішінде ҰҚШҰ, ЕАЭО және "уытты одақтардан" шығу бар. Осы бағыттардың барлығын жүзеге асыру үшін "Халық парламенті" шеңберінде бес жұмыс тобы құрылатын болады.
Іс-шарада сайлауға қатыстысоқталы мәселелер: қаржы бөлінісі, сайлауға қатысу, сайлауға түсу тәртібі мен тіл, діл, дін мәселесі де қызу талқыға түсіп жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы