"Серік Сәпиевің мықты болса, депутат болғанында неге жемқорларды осылай ұрмады?" - белсенді Сәбит Рысбаев

4128
Adyrna.kz Telegram

Олимпиада чемпионы, боксшы, бұрынғы депутат Серік Сәпиевтің Алматыда өткен Naiza 49 аралас жекпе-жек турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен болған төбелесі қоғамның назарын аударған еді. Бұған қатысты қоғам белсендісі Сәбит Рысбаев өз әлеуметтік желісінің парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сәбит Рысбаев боксшы Сәпиевтің әрекетін сынға алды. Шын күрескер болса, депутат болған шақтарында халық мүддесі үшін шырқ ұшып, жемқорларды шаршы алаңдағыдай неге төпелемеді деген уәж айтты.

- Серік Сапиев бір кездері депутат болды. Парламентте ел үшін, тіл үшін бір төбелессе болар еді. Байқағаным медиафутболда, батырболда төбелесіп жүреді. Мықты болса жемқорларды ұрмайды ма? - деді блогер.

Бұған қатысты:

"Әнші,  спортшыларды Нұротан(Аманат) пропаганда үшін ұстайды. Атақты әншінің шешесі де "Аманатпен" Тоқаевты жағалап жүр";

"Әнші-күйші, спортшыдан халыққа жанашыр депутат шыққанын көргеміз жоқ. Бірен-саран ғана. Сәпиев ол бірен-саранға кірмейді. Дауысын шығарып, бір мәселені айтқанын естімедік. Спорт маңында бір дау болғанда, декретке қашып кетіп құтылған қулығы болмаса...";

"Соны айтам, тіпті, Сәпиевтен гөрі әлгі тренердің қазақшасы мықты ғой… Ал қазаққа қазақша сөйлеген адам жақын болуы керек" деп жазды оқырмандар.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер