Сәкен Майғазиев Түркияға көмек ретінде 100 киіз үй жіберуді ұсынды

3027
Adyrna.kz Telegram

Табиғат апатынан зардап шегіп, үйсіз қалған түрік ағайындарға көмек болсын деген ниетпен қазақстандық бірқатар қоғам белсенділері Түркияға жүз шақты киіз үй жібермек. Бұл туралы танымал әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Нұрбек Бекбау бауырымыз, Арман Шора сынды атқамінерлермен ақылдасып игі шара қолға алынды. Түркиядағы алапат жер сілкіністен үйлер қирап, біраз кісі опат болды. Аман қалған туысқан түрік ағайындарымыз шиттей бала-шағасымен ашық алаңдарда, суық далада жүр. Бой жылыту үшін үйге кіруге қорқып отыр. Осы сәтте, қазақ жұрты боп, жүздеген киіз үй жіберсек. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй – зілзаладан жүрегі шайлығып қалған бұқара психикасына қауіпсіздік көңіл күй береді. Ең бастысы Ата жұрттан келген көмекті, алыста болсақ та, туысқан жұртты жалғыз қалдырмайтынымызды сезінер еді. “Түркияға 100 киіз үй” науқанын бастайық”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары да бастаманы қолдауда.

Пікірлер