“Тапсырыс берген”: Журналист Егеубаеваның көлігін өртеген бес күдікті ұсталды

3139
Adyrna.kz Telegram

Журналист Егеубаева Динараның көлігін өртеп, «Ел медиа» редакциясының кіреберіс есігінің терезелерін сындырды деген күдікпен бес адам ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Жедел бөлімшенің қызметкерлері бірқатар қылмыстарды жасады деген күдікпен 2005, 2006 және 2007 жылы туған бес кәмелетке толмаған жастарды ұстады.

Сотталушылардың айғақтарына қарағанда, олар екі бұйрықты да интернет арқылы белгісіз біреуден алған. Дәл осылай тапсырыс беруші оларға «жұмыс» үшін ақша төлеген. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Тергеу жалғасуда. Бұл ретте тапсырыс берушінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізілуде”, делінген хабарламада.

Айта кетейік, барлық фактілер бойынша қосымша ақпарат тергеу толық аяқталғаннан кейін жарияланады.

Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер