Ақтауда полицейлер әйелді суицидтен құтқарды

2314
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақтауда полицейлер әйелді суицидтен құтқарды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

”1 қазан түнгі сағат 01.40 шамасында 102 желісіне Ақтау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінің 5-ші қабатының балкон қоршауынан әйел адамның секірейін деп жатқандығы туралы хабар түсті.  Шақыртуға патрульдік полиция жасағы және ПБ арнайы қабылдау орнының бастығы барды. 

41 жастағы азаматша балкон қоршауына отырып, ешкімнің өзіне жақындамауын талап еткен. Арнайы қабылдау орнының бастығы Өркен Жүсіпбеков онымен әңгімелесіп, одан асығыс әрекеттер жасамауды өтінді. Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады. Секіруге дайын тұрған әйел қолын жібере бергенде тәртіп сақшысы жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды” ,-делінген хабарламада.

Әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ, жеке басын анықтау барысында оның наркологиялық есепте екені белгілі болды.  Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер