Қарашаңырақ – ауылға қамқорлық қажет

2371
Adyrna.kz Telegram

16 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Қарашаңырақ – ауылға қамқорлық қажет. Фракцияның тиісті депутаттық сауалын Азамат Әбілдаев мәлімдеді.

Премьер-Министр

Ә.Смайыловқа

 Ауыл десе елең етпейтін қазақ жоқ. Ауылқазақбаласы үшін қасиетті қара шаңырақ, кіндік қаны тамғанкиелі мекен. Олқазақтың дәстүрі мен ділінің ордасы. Егербіз болашағымызды ойласақ, ауылды сақтауымыз керек. Тек сақтап қана қоймай, оны бүгінгі заманның талабына сайкөркейтуіміз қажет. Ауылдың жағдайы жақсы болса, қазақтың да төрт құбыласы тең болады.

Ал ол үшін ауыл тұрғындарының табыс деңгейінкөтеру қажет. Өкінішке орай, қаламен салыстырғанда, ауылтұрғындарының табыс деңгейі айтарлықтай төмен. Қаламен ауылдың әр тұрғыны есебімен бюджеттен қаражатбөлуде теңсіздік бары анық.

Барлығымыздың тамырымыз сол ауылдан тарады емес пе!? Қаражат бөлуге келгенде мемлекет неге сол ауылдықарашаңырақты ұмытады?!  Сол жақта тұрып жатқан кенжебаланы неге ескермейді? Шынымен, мемлекет ауылтұрғындарына келгенде қаржыны үнемдейді.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру, қаламен ауыл арасында шығындарды біркелкі бөлутұрақтықоғам құрудың ең сенімді жолы деп санаймыз.

Ауылға немқұрайлы қараудың салдары ондағы білім мен медицина деңгейінің төмендеуіне, ақпараттың қолжетімдіболмауына, мәдениет пен спорттың дамымауына, сондай-ақжол сапасының төмендеуімен қатар басқа да факторларғаәсер етеді.

Ауылдан шығып, оқуға түсе алмаған ауыл жастарыамал жоқ, қала шетіндегі пәтерлерді жағалайды. Соныңсалдарынан, қалада қазір екі мамандық басым. Ол – таксист және күзетші-оққағар. Тепсе темір үзетін ауыл жастарықолында дипломы болмаған соң, күзетші-оққағар болып 50-60 мыңға – 1 күн жұмыс жасап, 2 күн демалып, бос уақытында спортзал мен сыраханаларды жағалап күнінөткізеді. Мен мұны өз ауылымның жастарынан көремін.

Біздің ауыл – Алматы облысының тау баурайындаорналасқан Қастек деген 170-тей түтіні бар шағын ғана атамекен. Бұрын 16 ғылым докторы, 57 ғылым кандидаты бар деп мақтан етуші едік. Ал қазір 50 күзетші-оққағар бар, «Алаш Праид» клубы да бізден шыққан деп мақтанамыз. Бірақ, шүкір деп айтамын, білімдері орта болса да, бауырларымның тәрбиесі өте жоғары.

Дегенмен, біз қазақстандықтардың жартысы ауыл-аймақтарда өмір сүріп жатқанын ұмытпауымыз керек. Солауыл жастарына жағдай жасап, ауылдың әл-ауқатынкөтеретін бір-ақ нәрсе бар. Олаграрлық өнеркәсіптіқолдау. Өсімдік шаруашылығында мүмкіндіктер жоқтыңқасы: егістіктерді кеңейтіп, экстенсивті жолмен даму үшінжер тапшы;

- Егістікке жарамды жердің бәрі айналымғашығарылған;

- Астық өнімділігі табиғи-климаттық жағдайғабайланысты шектеулі;

- Климаттық шектеулер тура солай жеміс-жидек жәнекөкөніс дақылдарын ұлғайтып, өсіруге мүмкіндік бермейді.

Сондықтан да, ең қолайлы сала ол - мал шаруашылығы. Қазақстанның ұлан-ғайыр даласы, мал бағуға жарамдыжайылымдары мал шаруашылығы саласын дамытудағыбіздің табиғи артықшылығымыз болып табылады.

Малды жайылымда бағу қызыл ет өндірісінің өзіндікбағасын төмендетеді. Осылайша, қазақстандық өнім - әлемнарықтарында бәсекеге қабілетті бола алады. Жайылымдыжердің ауданы бойынша біз әлем бойынша бесінші орындатұрмыз (186 млн. гектар жер, ҚР-дағы ауыл шаруашылықжерлердің 85%-ы). Ол Қазақстанға отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін орасан зор мүмкіншілікбереді.

Әлемде қызыл етті тұтыну деңгейі күн санап артып, баға өсіп келеді. Ең ірі импорттаушы елдеріргелес жатқанкөршілеріміз Қытай мен Ресей. Ал, Орта Азия елдері, Араб әмірліктері мен Түркия қой етін көптеп тұтынады. Осылайша, қазақстандық қызыл етті өткізуге арналған ірінарықтар бар. Әлемдік нарықтарға шығу үшін Қазақстанғаең кемі 100 мың фермерлік шаруашылық қажет. Демек, қолдағы барымызға қоса тағы ең кемі 80 мың бизнес иесіқажет етіледі.

Кәсіпкерлер табысты арттыру, жеке кәсіпті дамыту, жерді баптауға басқаша қарайды, мотивациясы бөлек. Жаңафермерлер ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын ашып, сабақтас салалардағы тауарлар мен қызметтерге сұраныстықұра алады. Мысалы өсімдік шаруашылығында астықтыетке конвертациялау – 1 млн тонна астық 300 млн доллар экспорттық түсім береді.

Осы астықтан 200 мың тонна қызыл ет алуға және 1 млрд доллар пайда табуға болады.

Ал, мал шаруашылығықазақ халқы үшін дәстүрлі атакәсіп. Көшпелі халықтардың түсінігінде төрт түліктабыстың нышаны, өмірдің ажырамас бөлігі. Ата кәсіптегібіліктілік пен оған бейімділікқазақ халқының мәдениетінетерең бойлаған. Демек, «Малым – жанымның, жанымарымның садағасы» деп бабаларымыз айтқандай, етті мал шаруашылығын Қазақстанның ұлттық идеясы ретіндедамыту экономикалық тұрғыдан қисынды, әрі халқымыздыңтабиғатына жақын сала.

Осы жуырда Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілгенотырысын өткізді. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамытумәселесіне мән берді. Бұлөте жақсы жаңалық. Оныменқоса, соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығын дамытуға 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтты. Алайда, субсидия қанша өссе де, бұл салада ауыз толтырыпайтатындай өзгеріс болмағандығына тоқталды.

Ол рас. Негізінде субсидия түпкі иесіне жетпей, орта жолда талан-таражға түсіп кетеді. Мысалы 2 триллионныңқаражаттың үштен бір бөлігі сыйақы мөлшерлемелерінсубсидиялауға бөлінген. Оны АӨКке қосады. Бұлбанктердің схемасы - ауыл шаруашылықтың субсидиясынажатпайды.

Мемлекет банктерге 1,5 - 2 пайызбен сауықтырубағдарламасына миллиардтаған қайтарымсыз қаражатбөлінгені белгілі. Ал ауылға келген кезде 17 пайызбен несиеберіп, 70 пайызын банктің схемасымен төлеп, оны субидиядеп атап қояды.

Мысалы: ауыл шаруашылығына жылына 350 млрд. теңгеге дейін субсидия бөлінеді. Бұл - нарықта бір деңгейдетұрған Белоруссия мен Ресейден 6-8 есе төмен. Осы субсидия 83 000 субъектіге бөлінеді. Сонда әр қайсысықанша алады деп ойлайсыздар?!

Мысалы: преференция бойынша автопромға 3-4 зауытсалуға деп 2019 жылы 150 млрд.қаржы бөлді. Оны зауытдеп айтуға аузың бармайды. Отверткамен жинайтын цехтар. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша несие сыйақымөлшерлемелерін төмендететін субсидияға 2 жылда 2,4 трлн. қаржы бөлінген.

Неге біз мемлекеттің ақшасын банктерге арзанға беріп, олардан қымбатқа алып, оған тағы субсидия береміз. Мен осыны түсінбеймін. Бұның барлығы қазынадан ақшаұрлауға жасалған схемалар.

Ауылдың өркендеуіне тосқауыл қоятын, жағдайыннашарлататын бағдарламаларды біздің жұртқа жасалыпжатқан қастандық деп білеміз.

Тағы қосарым. Қазір мал бағудың өзі қиын болыпбарады. Жұмыстың қиындығынан бөлек, Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  субсидия алғанмалшыларды тексеріп, төңкеріп жатыр. Ауылда басқа кәсібіжоқ болғандықтан, шығынды болса да жұмыс жасапотырған малшының қолына жартылай ғана жететін қарабақырды желкесінен шығарып сілкілейтіндей, белденбасып, талан-таражға түсіретіндей не күн туды басымызға? Агенттік атының басын қарапайым халықтың қарабақырына емес, мемлекетті сорып, ақшасын қаптап жепжатқан қорқауларға бұрып, соларды тексерсін.

Онымен қоса, біздің комитеттің мүшелері «АӨК-ніңсубссидиялау тетіктерін жетілдіру» жөнінде тақырыптықотырыс өткізді. Отырыс барысында ауыл шаруашылықминистрі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылагенттігінің ұсыныстары тыңдалды. Мұнда айтылғансубссидиялау тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарғабіздің көңіліміз толмады.

Ал, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі жөніндегіПрезиденттің тапсырмасын орындау тұсында. Тоқтапқалмай, сүйемдеп болса да қозғалып жатқан мал шаруашылығын дамыту жолында бізге мыңдағанбағдарлама емес, 1945 жылғы соғыстан кейінгі Англияныкөтеру үшін Премьер-Министрі жасаған «Один стакан молока» сияқты 1 ғана мықты бағдарлама жасау қажет депойлаймыз.

Құрметті Әлихан Асханұлы! Сондықтан да, ауылөмірінің жақсаруы үшін бюджеттен қаражат бөлу кезіндеауыл мен қалаға бөлінетін қаражаттың арасындағыалшақтығын жойып, АӨК-ке берілетін субсидияны жоқдегенде 2-3 есеге көбейтіп,  мал шаруашылығын дамытудаҚазақстанның өркендеуінің ұлттық жоспарын жасаудықажет деп санаймыз.

 Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары      

Пікірлер