Құқықтық мемлекетті қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін дамыту процесімен тығыз байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері.
Құқықтық тәрбие - бұл құқықтық нигилизмге қарсы тұру және жеке тұлғаны қалыптастыру процесін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекет пен қоғамның мақсатты және жүйелі қызметін қамтамасыз ететін күрделі және көп өлшемді қызмет жүйесі. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері қашан да маңызды. Құқықтық тәрбие Заңның рөлінің күшеюіне, қоғамның объективті шындықтың тәуелсіз факторы ретіндегі маңыздылығын түсінуіне байланысты және демократияны жетілдірудің, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға жауап береді.
Жеке тұлғаның құқықтық мәдениетін қалыптастыру процесі ретінде құқықтық тәрбиенің мазмұны мынадай құрылымдық компоненттерді қамтиды:
- - құқық туралы ақпарат беру;
- - құқыққа деген көзқарасты қалыптастыру;
- - заңды мінез-құлыққа деген көзқарасты тәрбиелеу;
- - заңды мінез-құлықтың қажеттілігін сезіндіру;
- - мемлекеттік және қоғамдық институттар шеңберінде құқықтық тәрбие субъектілерінің қызметін ұйымдастыру.
Ұқсас жаңалықтар