«Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан мырзамен болды.
- Досжан мырза, Ақмола облыстық сотының ұжымымен қандай биік белестерді бағындырдыңыздар? Қай жетістіктеріңіз ерекше әрі маңызды болып саналады?
- Ақмола облыстық соты сот төрелігіне деген халықтың сенімін арттыру және сот төрелігінің әділдігін, оның жауапкершілігін, тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасын, судьялардың біліктілігін арттыру мақсатында, Жоғарғы Сот тарапынан айқындалған ауқымды міндеттерді іске асыруға жете көңіл бөлуде. Мұндағы бағыттардың бірі ретінде, судьялардың жүктемесін азайту үрдісіне айрықша назар аударылып отыр. Өйткені соңғы жылдары соттарға келетін істер саны едәуір өскені, соның салдарынан әрбір судьяның жүктемесінің еселеп артқаны баршаға мәлім.
Мәселен, 2016 жылы республика бойынша соттарға түскен істер саны 2,1 миллион болса, 2017 жылы ол 2,6 миллион, 2018 жылы 4,5 миллионға жеткен. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасының осы бағыттағы атқарған мақсатты жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы соттарға түскен істер саны 3,3 миллион болса, өткен 2020 жылы істер 1,3 миллионға қысқарды. Сонымен, қорыта айтқанда, сотқа түскен істер саны 4,5 миллионнан 1,3 миллионға дейін азайды.
Ақмола облысының соттарындағы жағдай да еліміздегі үрдіспен ұқсас. 2016 жылы облыс соттарына 83 609 іс түссе, 2017 жылы – 110 990, 2018 жылы – 169 637 іс тіркелді. Былтыр облыс соттары 117 637 істі қарады. Осы ретте, 2018 жылы әр судьяға келген жүктеме саны 162,3 іс болса, өткен 2020 жылы бұл көрсеткіш 46 іске дейін кеміді.
Сот қарайтын істер санының біршама кемуі – ұсақ-түйек дау-дамайларды басқа мемлекеттік мекемелерге беру және сотқа дейін өзара келісушілікпен шешуге жағдай жасайтын медиаторларды, ел ішіндегі беделді адамдардан тұратын билер кеңестерін тарту сияқты шараларды жүзеге асыру арқылы орын алғандығын атап өткеніміз жөн.
2020 жылы облыс соттарымен 20 812 іс және 57 290 материал қаралды. 2019 жылмен салыстырғанда қаралған істердің саны 26,1 %-ға, материалдар 77,7 %-ға азайды, ал судьялардың жүктемесі 2019 жылы 112,7 % - дан 46,7 %-ға азайды. Ал, 2020 жылдың 3 айында жүктеме 53,9 болса, 2021 жылдың 3 айында жүктеме 36,5 болды.
Мемлекеттік тілде 2016 жылы – 1,5% іс қаралса, 2021 жылдың 3 айында облыс соттарымен 9 702 іс пен материалдар қаралды, оның ішінде мемлекеттік тілде 1 222 іс пен материал, бұл 12,6 %-ды құрайды. Мемлекеттік тілде қаралған істердің саны 2016 жылмен салыстырғанда 11,1 %-ға өсті.
Ақмола облысы соттарымен жүргізілген талқылаулар, түсіндірулер және мемлекеттік тілді қолдануды дамыту қажеттілігі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының атына жолданған хаттар арқылы сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші өсті.
Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануды дамытуға кедергі жасайтын себептерін айқындап, судьяларға тілді қолдану қағидатын қатаң сақтап, жыл аяғына дейін көрсеткішті 30 %-ға дейін көтеруді міндет қойдық.
16 жылдың 2020 наурызынан пандемия басталып, сот төрелігінің бүкіл жүйесін сот ісін жүргізудің жаңа қағидаттары мен форматтарына тез әрі тиімді көшіру талап етілді.
Сот процестерін классикалық түрде - сот отырысы залдарында тараптардың, үшінші тұлғалардың қатысуымен, куәлар мен мамандардың шақырылуымен, сот хатшыларының, прокурорлардың және басқа да адамдардың тікелей қатысуымен өткізу, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін осындай іс-шаралардың айқын қауіптілігіне байланысты мүмкін болмады.
Қысқа мерзімде сот процестері сот ісін жүргізудің барлық субъектілерінің қашықтан қатысуымен Цифрлық режимге көшірілді. Әрбір қалалық және аудандық сотта қол жетімді және аудио-бейне тіркеу жүйелерімен біріктірілген Skype және TrueConf электрондық қызметтері сәтті қолданылды. Сонымен қатар, WhatsApp, Zoom қызметтерді де қолданды.
Сот жүйесін цифрландыру өзінің тиімділігін көрсетті және осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Осылайша, жаңа цифрлық болмыс Қазақстан соттарының жұмыс принциптерін сапалы өзгертті.
- Соңғы бес жылда қандай оң өзгерістер орын алды?
-Татулық пен берекелі бірлік қашанда ел іргесін бекемдеген. Өткен жылдар тәжірибесі сот қызметіндегі игі бетбұрысқа жұртшылықтың ықыласты екендігін көрсетті. Осынау аз уақыттың өзінде, Ақмола облысының соттары қараған 3 616 істің, яғни өндірістегі жалпы істің 11,3 пайызы татуласу рәсімдерімен аяқталғаны сөзімізге дәлел бола алады. Бұл үшін тиісті ұйымдастыру-кадрлық жұмыстары жүргізілді. Нәтиже көңілдегідей. Бүгінгі күнге дейін «Татуластырушы судья» жобасын іске асыру мақсатында облысымыздың 6 сотында татуластырушы судья бекітілді. Аталған жоба шеңберінде 777 дау бойынша тараптар татуласты. Бұл шағымданып келген азаматтардың 77,9 пайызын құрайды.
Қолға алған тағы бір жобамыз – «Соттан тыс татуластыру» жобасы. Бұл бағытта, облысымызда үш татуласу орталығы құрылды. Бұлар Көкшетау қаласында, Кәсіподақтар орталығында және Атбасар ауданында жұмыс істеуде. Осы құрылымдардан басқа 37 медиация кабинеті қызмет етуде. Ашықтық пен қолжетімділік мәселесіне қатысты, 14 медиация кабинеті жергілікті әкімдіктердің ғимараттарында, 22-сі сот ғимаратында, бір кабинет Қазақстан халқы ассамблеясында ашылғанын айта кеткім келеді.
Аталған бағыттағы жұмысымызбен өзектес «Отбасылық сот» қанатқақты жобасының тиімділігіне назар аударғым келеді. Бұл жоба Көкшетау қалалық сотында және Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2018 жылдың 19 қарашасынан бастап іске асырылуда. Жоба аясында 2019 жылы 2 023 іс қаралып, 730 іс бойынша тараптар медиативтік келісіммен татуласқан. Бұл барлық істердің 41,3 пайызы. Медиативтік тәртіппен қаралған істердің нәтижесінде 447 отбасының іргесі шайқалмай, балалары жетімдік көрмейтін болды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында халықпен кері байланыс күшейтілген. «Азаматтардың сұрақтарымен әлеуметтік желілерде жұмыс істеу үшін Ақмола облыстық сотының аккаунті, сот төрағалары және кеңсе меңгерушілерінің жеке аккаунттері ашылды. Заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру жөнінде халық үшін ақпараттық жобалар ұйымдастырылды.
- Қара қылды қақ жарған әділеттілігімен көзге түсіп, билік тарапынан үздік марапаттарға ие болған ардагер қызметкер, судья, адвокаттар бар ма? Кімдердің есімін ерекше құрметпен атап өтер едіңіз?
- Ақмола облысы бойынша бүгінгі күні 113 судья сот төрелігін жүзеге асыруда, оның ішіде судьялық қызмет өтілдері 20 жылдан астам 18 судья, оның 12-і облыстық соттың судьясы болса, 6 – жергілікті соттардың судьялары.
Табандай 30 жылдан астам судья болып қызмет етіп келе жатқан судьялар: Қияшева Сәуле Кәрібжанқызы мен Құрмантаев Ақболат Ахметұлы, екуіде облыстық соттың судьясы болып табылады.
25 жылдан астам судьялық қызмет өтілі бар тұлғалар: облыстық соттың судьялары Даминов Раджаб Адгамович, Жакулин Әскербек Бейсембекұлы, Мұқашева Дана Аусаққызы, Сәбдин Қанат Теміртасұлы, аудандық соттардың судьялары Жұмабеков Әтімбек Есілбайұлы, Сексенбаева Лариса Жазитқызы.
20 жылдан астам: облыстық соттың судьялары Ғабдулин Серікжан Жәлелұлы, Ертаева Роза Мырзақұлқызы, Мүсетов Қайыркелді Ахметұлы, Оспанова Ботагөз Ахметжанқызы, Сәбдин Қанат Теміртасұлы, Смагұлова Замира Шарапқызы, аудандық соттардың судьялары Цибульская Людмила Григорьевна, Балабеков Абзал Өміртайұлы, Қайшыбеков Ғалым Айдашұлы.
Сот төрелігін жүзеге асыру барысында жеткен үлкенді-кішілі жетістіктері үшін судьялар корпусы әр түрлі деңгейдегі марапат түрлеріне ие болуда, оның ішінде мемлекеттік наградалар иелері де бар, облыстық соттың судьясы Шойынбекова Алтын Ерғалиқызы мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, облыстық соттың судьясы Әскербек Бейсембекұлы Жакулин мен Бұланды аудандық сотының судьясы Людмила Григорьевна Цибульская Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталған.
Сондай-ақ ведомстволық наградалар иегерлері де бар:
ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісі – 16;
«Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет белгісі – 6;
«Сот жүйесінің құрметті қызметкері» белгісі – 1;
«Мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі медалі - 2;
«Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалі – 9;
«Сот жүйесінің үздігі» І дәрежелі төсбелгісі - 2;
«Сот жүйесінің үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгісі - 11;
"Сот жүйесінің ардагері" медалі – 2.
Ақмола облысы бойынша 2007-2020 жылдар аралығында отставкаға 35 судья шыққан. Олардың судьялық қызметтегі өтілдері 15 жылдан 34 жыл аралығын құрайды, жас мөлшерлері 49-66 жас аралығы.
Олардың ішінде Ақмола облыстық сотының отставкадағы судьясы М.М.Гибадиловтың судьялық өтілі 34 жыл, Т.Б.Касымовтың судьялық өтілі 21 жыл, Атбасар аудандық сотының судьясы М.Ф.Скидан, Целиноград аудандық сотының судьясы Т.К.Алимбаевтың судьялық өтілдері 32 жыл.
Отставкадағы судьялардың «Үш би» құрмет белгісімен -30, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» белгісімен -1, «Сот жүйесінің ардагері» медалімен - 12, «Мінсіз қызметі үшін» медалімен – 6, «Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет белгісімен – 19, «Ерен еңбегі үшін» медалімен -1, «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен – 1, «Құрметті судья» белгісімен -1 судья марапатталған.
Судьялардың бірқатары отставкаға шықса да өздерінің белсенділігін танытып, сот төрелігін іске асыру жұмыстарына қатысады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта М.М.Гибадилов Ақмола облысы сот жүйесі ардагерлер кеңесінің төрағасы болса, Т.Б.Касымов Ақмола облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады.
Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің 14–нің сот жүйесіндегі еңбек өтілі 20 жылдан астам уақытты құраса, 25 жылдан жоғары еңбек өтілі бар мамандардың саны – 6.
Сонымен қатар, сот жүйесінде 30 – 35 жылдан астам абыройлы еңбек етіп келе жатқан мамандардың саны – 5.
Оның ішінде талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы М.А.Ахриеваның сот жүйесіндегі еңбек өтілі 39 жыл, Атбасар аудандық соты кеңсесінің бас маманы Н.В.Деркачеваның сот жүйесіндегі өтілі 27 жыл, осы сот кеңсесінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы Г.Б.Ахметованың өтілі 25 жыл, жергілікті сот кеңселерінің меңгерушілері З.А.Махамбетова мен М.Б.Билялованың сот жүйесіндегі өтілдері 27, 26 жылды құрайды.
Сот жүйесінің мамандары «Сот жүйесінің ардагері» медалі – 4, «Мінсіз қызметі үшін» медалі – 11, «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісі – 19 марапатталған.
- Карантин режимі сот процесіне кедергі келтіріп жатқан жоқ па?
Коронавирус пандемиясы кезеңіне төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, Ақмола облысының соттарында кейінге қалдыруды күтпейтін сот процестері электрондық технологияларды қолданумен бірге қашықтықтан өткізіледі.
Сот процестерінде адамдардың байланысын алып тастау және олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті азайту мақсатымен, Соттар әкімшісі тапсырма қойды – бейнеконференцбайланыс жүйелерін сапалы қолданумен бірге 100 пайыз сот процестерін қашықтықтан өткізуге өту.
Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі ресейлік, Москва қаласының компаниясы «TrueConf» ЖШҚ-мен ынтымақтастық жасасты. Компаниямен онлайн-кеңестің нәтижесінде, «TrueConf» ЖШҚ-ы 2020 жылдың 1 маусымына дейін онлайн байланыс режимінде сот процестерін өткізу үшін 1 000 есептік жазбаларды берген.
Есептік жазба азаматтарға сотпен бейнеконференцбайланыс жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап осы есептік жазбалар облыс соттары бойынша бөліп таралған және техникалық мәселелер шешілген, соттардың бейнеконференцбайланыс режимінде сот процестерін өткізу бойынша жұмысы жеңілдетілген, онлайн БКБ/МБКБ режимінде істерді қашықтықтан қарауға соттар толық көшті.
Қазіргі таңда Ақмола облысының соттары БКБ/МБКБ өткізу үшін арнайы есептік жазбалармен 100% қамтамасыз етілген.
TrueConf Server әр түрлі режимдерде және 4К UltraHD дейінгі ажыратымдылығында бейне қоңырау шалулар мен конференцияларды үздіксіз өткізуді қамтамасыз етеді. Әрбір азамат кез келген қолжетімді құрылғының (дербес компьютердің, ноутбуктың, планшеттің немесе смартфонның) көмегімен онлайн сот процестеріне қатыса алады.
- Сотқа, заңға байланысты ақпараттардың ашықтығы, қолжетімділігі қандай деңгейде? Халықпен кері байланыс қаншалықты жиі орнатылады?
-2020 жыл ішінде Ақмола облысының соттарымен Ақмола облыстық сотының интернет-ресурсында akm.sud.kz (сайт) 1 308 ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды.
«Телеграм» каналының «Ақмола облыстық соты» парақшасында 1 178 ақпарат пен Ақмола облыстық сотының сайтына сілтемелер жарияланды.
Ютуб және Инстаграмм әлеуметтік желілерінде ашылған «Ақмола облыстық соты» парақшаларында фото және бейнематериалдар үнемі жариялануда. Ютубта -159 материал, Инстаграммда -154 материал.
Фейсбук әлеуметтік желіде «Ақмола облыстық соты» атты парақша ашылып, онда: қаралған резонанс тудыратын істер бойынша баспасөз хабарламалар, заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер, облыс соттарының қызметі туралы бейне және фото материалдары, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына жауаптар беріледі.
Фейсбук әлеуметтік желіде ашылған «Қазақ билер соты» парақшасында 25 фото және бейне материал, 309 ақпарат жарияланды.
Фейсбук әлеуметтік желіде облыстың сот жүйесі өкілдерінің 270 аккаунты ашылды:
- облыс соттары төрғаларының 25 аккаунты,
- облыс судьяларының 96 аккаунты,
- аудандық соттары кеңсе меңгерушілерінің 25 аккаунты,
- Соттар Әкімшісі мамандарының 124 аккаунты.
Аталмыш аккаунттарда соттар қызметі туралы ақпараттар үнемі жариялануда.
Фейсбук желіден адвокаттардың, өкілдерінің және басқа азаматтардың 126 өтініші қабылданып, жауаптары берілді.
Фейсбук әлеуметтік желіде судьялар мен мамандардың 6 228 посты жарияланды.
Қаралған істер бойынша сот актілерін түсіндіруімен 102 брифинг өткізілді. Соттар жұмысының қорытындылары және заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша 72 баспасөз-конференция өткізілді. Орталық Коммуникация Қызметінің алаңында Ақмола облыстық сотының төрағасы және жергілікті сот төрағалары 9 баспасөз-конференция өткізді.
Республикалық және жергілікті теледидарда 97 сюжет пен сұхбат ұйымдастырылды.
Баспа басылымдарда (газет, журнал) 893 мақала мен ақпарат жарияланды.
Республикалық және жергілікті ақпараттық порталдарында 4 283 материал жарияланды.
БАҚ өкілдерінің 325 ауызша сұраныстарына жауаптар берілді («NUR.KZ, «Экспресс-К», «tengrinews.kz», «Хабар», «Ақпаратбюро», «КазТаг», «Қазақпарат», «Today.kz», Азаттық радиосы» ақпараттық порталы, «Евразия» 1-ші арнасы, «Акмолинская правда» газеті, «Қазақстан» ҰА, «Қазақстан-Көкшетау» және басқа БАҚ өкілдері).
- Қос тарап даулы мәселелерді медиациялық жолмен шешіп, бейбіт келісімге келетін жағдайлар жиі кездесе ме? Осы жолмен қанша мәселе өз шешімін тапты?
2020 жылы соттан тыс 3 002 (10,6 %) медиациялық келісім жасалды. Егер, әрбір істе кемінде 2 болмаса одан да көп талаптар бар екенін ескерсек, 6 жарым мындай азамат сот залынан қол алысып, төс қағыстырып шығады. Бұл біздің қоғам бірлігіне қосқан үлесіміз деп санауға болады.
Жалпы, облыс бойынша 68 кәсіпқой және 1085 кәсіпқой емес медиатор қызмет көрсетуде. Олардың ішінде 70 кәсіпқой емес медиатор кәсіби білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, өңірде 143 Билер кеңесі құрылып, оның құрамында жергілікті жерде жұртшылыққа танымал және беделді 495 азамат жұмыс атқарады.
Облыс соттары, Билер институтын жандандыру бағытында, ел ішінде насихат жұмыстарын жүргізуге жете көңіл бөледі. Ақмола облысының соттары қазақ билер институтын насихаттау бағытында көптеген тағлымды шаралар ұйымдастырды.
Мәселен, «Қазақ даласының билер соты – егеменді еліміздің сот-құқықтық жүйесінің негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, түскен ұсыныстар бойынша қабылданған қарар шешімдері мен ведомствоаралық жоспарлы істер орындалып жатыр. Ақмола облысының соттары өткен жылы Билер кеңесінің қатысуымен 353 істі қарап, 141 іс бойынша оң шешім қабылданды.
Билер сотын насихаттау бойынша БАҚ-та 529 жарияланым ұйымдастырылды. Облыстық сот төрағасы ретінде бұл жайды үнемі бақылауда ұстаймын. Өткен жылда 221 «Дөңгелек үстел», «Ашық есік күндері», тақырыптық кездесулер өткізілді. Бұл шараларға кәсіпқой емес медиаторлар, Билер кеңесінің құрамы, аудан және ауылдық округтердің әкімдері, ауыл тұрғындары қатысты.
- Қоғамда келеңсіздіктер, әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыс орын алмас үшін, олардың алдын алу үшін қаншалықты жиі брифингтер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырасыздар?
-Өткен жылы қаралған істер бойынша сот актілерін түсіндіруімен 102 брифинг өткізілді. Соттар жұмысының қорытындылары және заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша 72 баспасөз-конференция өткізілді. Орталық Коммуникация Қызметінің алаңында Ақмола облыстық сотының төрағасы және жергілікті сот төрағалары 9 баспасөз-конференция өткізді.
Республикалық және жергілікті теледидарда 97 сюжет пен сұхбат ұйымдастырылды.
Әкімшілік не қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларының бірі - сотпен жекеше қаулы шығару шарасы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 829-бабына сәйкес, заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар белгіленген кезде сот жекеше қаулы шығарады және тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізеді.
Қылмыстық-процестік кодексiнің 405-бабына сәйкес, сот жекеше қаулы шығарады, онда мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заң бұзушылық фактiлерiне, қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен және тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады. Адамның әрекеттерiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен әкiмшiлiк терiс қылық анықталған жағдайда, сот оған заңда көзделген жаза қолдануға құқылы.
Ақмола облысы соттарымен өткен 2020 жылы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша 523 жеке қаулы шығарды.
- Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай іс-қимылдар жүргізіліп жатыр?
- Басты мақсат - сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау.
Сот қауымдастығы мен сот жүйесі қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында, азаматтарды қабылдау тәртібі кестесіне сәйкес Ақмола облыстық сотының төрағасы әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау жүргізіледі.
Сонымен қатар судьяның немесе сот жүйесі мамандарының тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекетіне байланысты ақпараттарды жеке және заңды тұлға 8 (7162) 55-96-66 сенім телефонына хабарлап қана қоймай, әр аптаның бейсенбі күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі басшысының қабылдауында болып, шағымын жеткізе алады.
Ақмола облысы бойынша жергілікті сот ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарына арналған жәшіктері мен сенім телефонына келіп түскен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністеріне себеп болатын мән-жайларды анықтау, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері тарапынан сот төрелігін жүзеге асыру кезінде алынған ақпаратты жеке мақсатта пайдалану не болмаса оның жайылып кету фактілерін анықтау және оның жолын кесу мақсатында ақпараттар жан-жақты тексеріліп отырылады.
2021 жылдың 3 айында сенім телефонына, әлеуметтік желілерде және интернет ресурстарында Ақмола облысы бойынша судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық белгісі бар қылмыс немесе құқық бұзушылық жасағандары туралы ақпараттар түскен жоқ.
Ақмола облыстық сотында сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі тұрақты негізде сот жүйесінің судьялары мен сот қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілер және судья әдебі Кодекстерінің талаптары мен нормаларын сақтамау, еңбек тәртібінің бұзылуы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарын жасауға бейім қызметкерлерді анықтауға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Ақмола облыстық сотында Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мақсатында 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына бекілтілген сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде жүзеге асырылуда.
Ақмола облыстық сотының төрағасының басшылығымен судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін 23 жалпы отырыс төралқасында, жедел кеңестерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң нормаларын қатаң сақтау мәселелері күн тәртібінде қаралды. Бұндай жұмыстар аудандық және оларға теңестірілген соттарда да апта сайын жедел кеңестерде қаралды.
2021 жылдың 3 айында облыс бойынша жергілікті соттарға сыбайлас жемқорлық пен әртүрлі заң бұзушылықтың туындауына себепші болатын әртүрлі факторларды болдырмау мақсатында 3 профилактикалық хат жолданып, әрбір хаттар жедел кеңестерде қаралып, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері қол қоюлары арқылы жеке таныстырылды.
Бұдан әрі мұндай фактілерге жол бермеу үшін кешенді алдын алу жұмыстары жалғасын табады. Өткізілетін жалпы отырыс төралқасында, жедел кеңестерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң нормаларын қатаң сақтау мәселелері күн тәртібінен түспейді.
Облыстық және оған теңестірілген соттарда судья әдебі жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді, олардың мақсаты судьялардың судья қоғамдастығының әдеп нормаларын сақтауын, оның ішінде процестен тыс байланыстарға жол бермеуді бақылау болып табылады. Комиссияларға жұртшылықтың заң бұзушылықтар туралы өтініштеріне дер кезінде ден қойып отыру міндеті жүктелді.
Сонымен қатар, соттарда істерді автоматты түрде тарату мен сот процестерінде дыбыс-бейне тіркеу арқылы жүргізу нысандар сыбайлас жемқорлықты болдырмауды көздейді.
- Халықтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыратын жобалар жүзеге асып жатыр ма? Нәтиже қандай?
- Фейсбук, Ютуб, Инстаграмм әлеуметтік желілерінде 3 ақпараттық жоба жүзеге асырылды:
- «Азаматтық процестік кодексіне (АПК) қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген? Азаматтар нені білуі тиіс?» тақырыбымен Ақмола облысының судьялары «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының басты ережелерін түсіндірді. Барлығы 24 видеотүсіндіру жарияланды.
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы Заңын, Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 бабын, Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу (ҚПК-нің 30-бабының талаптарын), Қазақстан Республикасында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу (АПК-нің 14 - бабының 1,2 бөліктерінің талаптарын) түсіндірді. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданылу, азаматтардың тіл құқығын сақтау туралы судьялардың 16 видеотүсіндірмесі жарияланды.
- ҚР Конституциясының 25-жылдығына Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі нормалары туралы судьялардың 11 видеотүсіндірмесі.
Соттарда өткізілген іс-шаралар бойынша 11 видеоролик жасалды.
4 эстафета-челлендж өткізілді:
- 2020 жылдың қаңтар айында А.Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Әр сөзінен ұғындырған ұлылық» тақырыбына.
- 2020 жылдың маусым айында «Тіл мәртебесі – Ел мәртебесі. Кел, қазақша сөйлейік» тақырыбына.
- 2020 жылдың қараша айында «Төле бидей Төлеген» тақырыбына.
- 2020 жылдың желтоқсан айында «Тіл – тәуелсіздік тірегі» тақырыбына. Фейсбук әлеуметтік желіде Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әмір өз парақшасында «Қазақ билері туралы не білеміз?» тақырыбымен айдар ашып, Қазақ халқының билері және Билер сотының институты туралы 9 пост жариялады. Бұл бағытта жұмыс 2021 жылы жалғасғастырылады.
-«Сот кабинеті» электрондық сервисін пайдалануды облыс тұрғындары қаншалықты жетік меңгерді? Бұл сервистің артықшылығы неде? Халықтың көңілінен шығып жатыр ма?
-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті 2014 жылы маусым айында азаматтардың электрондық сот ісін жүргізуге қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету тетігін оңайлату, сондай-ақ қашықтан қатысу мақсатында "Сот кабинеті" электрондық ақпараттық сервисін іске асырды»
Сот кабинеті "электрондық сервисі Ресми сайтта орналастырылған http://office.sud.kz.
Сот кабинеті арқылы талап арыз, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз беруге, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге және т. б. болады.
Сондай-ақ, осы жүйе арқылы сот құжаттарын және тұтастай алғанда сот ісіне қатысты барлық құжаттарды бақылауға болады.
Сот кабинетіне кіру үшін, біріншіден, заңды және жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Бұл сервистің басты ерекшелігі-азамат, оның адвокаты немесе өкілі кез келген ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, Интернет желісі арқылы сот құжатын көре алады, сондай-ақ сот актісін басып шығара алады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш Сот кабинеті арқылы келіп түскен 4 127 талап арыздың 3 427 жалпы санының 83,04% - ын құрады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында әкімшілік істердің саны 3 632 құрады, оның ішінде 3 596 іс электрондық форматта жолданды және 99,01% - ды құрады.
2020 жылы көрсеткіш келіп түскен 19 162 талап арыздың жалпы санының 80,2% - ын, Сот кабинеті арқылы 15 383-ін құрады (2019 жылы берілген 25 956 талап арыздың 20 043-і Сот кабинеті арқылы келіп түсті, бұл 77,2% - ды құрады%)
Сонымен қатар сот кеңсесінде әкімшілік істерді жіберу қызметі қолданылады. Бұл қызмет әкімшілік істерді сот органдарына жіберуді Автоматтандыру және жеңілдету функциясын жүзеге асырады.
2020 жылы әкімшілік істердің саны 13 909 құрады, оның ішінде 13 578 іс электрондық форматта жолданды және 97,6% құрады (2019 жылы 15 772 іс, оның ішінде 15 572 іс электрондық форматта жолданды немесе 98,7%).
Сұхбатыңызға рақмет!
Әңгімелескен: Айжан Әмитбекқызы,
«Адырна» ұлттық порталы