Проза
21.04.2024
Шығармашылық
Әуезов “Абай жолы” үшін марапатталған күн
Бүгін, 21 сәуір - Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» дилогиясы үшін Ленин сыйлығын алған күні, деп жазады “Адырна” порталы. Осыдан 65 жыл бұрын 1959 жылы Әуезовке «Абай жолы» дилогиясы үшін Ленин сыйлығы тағайындалған болатын. Ол V шақырылған КСР Қазақ Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1951-1954 жылдары Мұхтар Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеу­ге жасырын аттанып кетуге мәж­бүр болды. Мәскеу мемле..
27.03.2024
Асыл қазына
Жасандылар мекені
Қазақ қарасөзінің құнарына бойлаған көшелі қаламгер, ұстаз, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің профессоры,  кәсіби журналист Кәкен Қамзиннің "Жасандылар мекені" шығармасын назарыңызға ұсынамыз, қадірменді оқырман!   ЖАСАНДЫЛАР МЕКЕНІ         (Әңгіме)          Құданың құдыреті, сайтан алғыр, біздің аяқтың да баспайтын жері жоқ. Ақылдың кені басымда емес, екі табанымда ма, қалай өзі? Бет ауған жаққа жетелей бе..
28.01.2024
Шығармашылық
Әбубәкір Қайран. Пенде. (новелла)
  Байқатпай дүние кеңін, тарлығын да, Қайткенде қамту үшін барлығын да, Сонан кейін шайтандар жайлап алған – Қан секілді адамның тамырында. Мен айтсам, көзім жеткен шынды айтам. Қан болып тамырыңда жүр-ау шайтан! Тартарсың қияметте сен жазаны, Малғұнның дүниедегі тілін алсаң! Мәшһүр Жүсіп Алпыс үш жасқа толған Жауынбай өзінің дос-жарандары мен жолдасжораларын түгел шақырып, зейнеттойын жасаған. Осы ауылдағы ең еңселі, ең үлкен үйлердің бірін..
27.01.2024
Шығармашылық
Соқпақбаевтың соқпағы Тәуелсіздікке жол салды
Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Осы мерейтой қарсаңында Соқпақбаев туралы бұрын көп айтылмаған, айтылса да ескерусіз қалған не бар?  Бүкіл халық жүз жылдығын тойлағалы отырған Бекең тәуелсіздікке не берді? Біз шама-шарқымызша осы сұрақтарға жауап беріп көрсек... Еркін – азат елдің кейіпкері... Бердібек Соқпақбаев өз өмірін көркем шығармаға айналдырған адам екенін сыншылардың бәрі айтады. Қызығы, кейіннен сол көркем шығарманы мына біз өз ..
18.11.2023
Шығармашылық
Ырысбек Дәбей. Күй
Бойын тіп-тік ұстап, біреу қып өрген ұзын бұрымын арқасына тастаған аққұбаша қыз домбырасын қабынан алып, бір-екі қағып-қағып жіберді де, бір күйдің шығу тарихын баяндап, толғай жөнелді. Көзін жұмып, күй сюжетінің ішіне өзі де еніп кеткендей маңайын толық ұмытты. Көзін ашып қалса, дүниені топансу басып кетердей әлемді жалғыз өзі аялай құшағына алып, тербетіп, мүлгіп отыр. Нәзік саусақтары сартап-сазды адаспай тауып, шебер қағыстары аққу ұшырып, қ..
07.07.2023
Көкейкесті
Mысық бақсаң да, мал тап… Бес мысықтың бағасы үйірлі жылқының құнынан асқан заман
Жүре берсең, көре бересің! Жоқ әлде көру үшін жүре береміз бе екен? Өткен жолы бір жолдасымның үйіне қонаққа бардым! Үйінің алдына кішігірім өндіріс орнын ашып тастапты. Түрлі кәдесый жасайтын лазерлі аппараты бар екен. Сонымен отбасының ішіп-жемін айырып отырған көрінеді. Лазерлі аппарат, онымен жасалатын сансыз кәдесый, шағын ғана өндіріс орны мені қызықтыра қойған жоқ. Өнім өндірерсің, оны әлеуметтік желі арқылы жарнамалап сатарсың… Яки, мейр..
25.09.2021
Проза
Ұларбек Дәлейұлы. Сен әкелген жаз
Мен Адинамен қаладағы жекелік емханада таныстым. Алғаш барғанда сырқатым салмақтылау еді. Асханада қатарласа тізіліп тамақтанып отырған ер-әйелі аралас науқастардың ешбіріне мән бергемін жоқ. Алдымдағы тамағымды жартылай жеп, төр жаққа бір көз салғанымда, маған аяй қарап отырған мөп-мөлдір қоңыр жанар ғана есімде қалыпты. Бір аптаға жуық созылған емнен кейін есімді тез жинадым. Аяғымнан тұрған соң емхананың спорт залынан шықпайтын болдым, қашан д..
Тағы жүктеу