Ақтөбе қаласы
08.01.2023
Ақтөбе қаласы
Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалды. Тұрғындар пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып шағымдануда. Бұл туралы Диапазон жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жылумен жабдықтаушы ұйым төтенше жағдайдың себебін арматуралардың зақымдануымен түсіндірді.
“7 қаңтарда кешке аяз күшейіп, түнде сырттағы ауа температурасы -26 градусқа дейін төмендеді. Түні бойы апат болып, адамдар жұмыс істеп жатқанын айтты. Таңертең жылуды қ..
21.12.2022
Жаңалықтар
Ақтөбеде жаңа туған сәбиін қорапқа салып, далаға тастап кеткен әйел табылды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram каналында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Ол баланы өлі туғандықтан, далаға тастап кеткенін айтқан. Оның кәмелетке толмаған тағы екі баласы бар екені анықталды», – дейді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ербол..
20.12.2022
Ақтөбе қаласы
Ақтөбе қаласында қорапқа салынған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы барды. Сол жерде жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.
“Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 100..
14.12.2022
Жаңалықтар
Ақтөбелік зейнеткер үш айдан бері өзінің тірі адам екенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, емханадағы статист-дәрігер жеке сәйкестендіру нөмірінде бір санды қате жазып, ол өлілер тізіміне еніп кеткен. Ромахан Кенжебаев сол қателіктің зардабын әлі тартып жүр. Зейнеткер емханаға барып, өзінің бір күн бұрын қайтыс болғанын естіген. Сондықтан оның барлық құжаттары жарамсыз болы..
13.10.2022
Жаңалықтар
Ақтөбеде емхана дәрігері шатасып тірі адамды өлілердің қатарына қосып жіберген. 68 жастағы пациентті тексеру барысында оның цифрлық құжаттары түгелдей бұғатталғаны анықталған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, зейнеткердің банк есепшоты да қолжетімсіз болып қалған.
«Суыт хабарды» естіген қария дереу Халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Ондағылар «Сіз қайтыс болғансыз, мына жерге қалай келдіңіз» деп..
08.10.2022
Ақтөбе қаласы
Ақтөбеде қой жүнінен құрылыс материалын жасайтын зауыт салынады. Бұл туралы "Хабар 24". арнасы жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
Әр жерде тау болып үйілген шикізатты пайдаға асыру керек. Жүнге сұраныстың жоқтығынан кей шаруалар өртеп жіберуге мәжбүр. Жаңа өндіріс ашылса, шопандардың табысы да артады.
Талғат Нұржігітовтың отарында 800-ге жуық қой бар. Барлығы да биязы жүнді меринос тұқымынан. Болашақта мал басын 2 мыңнан асыруды к..
19.06.2022
Ақтөбе қаласы
Ақтөбеде бей-берекетсіз төгілген қоқысты полигонға жеткізуге 95 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қала билігінің айтуынша, шаһар төңірегін зерделеп, әр жерде үйілген тұрмыстық қалдықты анықтау үшін ғарыштан бақылау жасалады. Осыдан екі жыл бұрын 417 орын анықталса, былтыр 230 үйінді болған. Құрылыс қалдықтары мен ескі жиһаз сияқты көлемі үлкен қоқысты тұрғындардың өздері полигонға жеткізуге міндетті. ..
Тағы жүктеу
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз