Жалған ақпарат - жарға жығады

3185
Adyrna.kz Telegram

Қоғамдық сананы қалыптастыратын елдегі идеология.  Бұқараның ойына әсер ететін басты күш ел ішіндегі жүргізіліп отырған саяси сауат.  Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді бірақ санаңызды қалауынша басқарады. Бұл ресми түрде қоғамдық сананы манипуляциялау деп аталады.  Ең қауіптісі жалған ақпарат тарату арқылы жұрттың ойын сарсаңға салу.

Технология дәуірі аталған 21 ғасырда бұқаралық медиа саласы аса маңызға ие. Оны оңынан пайдаланса құба-құп. Алайда, көрнеу дерек таратып, білгеніңнен жаңылдырып, көргеніңді ұмыттыратыны тағы бар. Артынша жапа шегетіні сол баяғы - қоғам. Өйткені, жалған ақпарат жарға жығады.

Ақпараттар ағынының қарқыны тым қатты. Көз ілеспес жылдамдықпен дүниенің әр қиырынан таралатын мағұлматтың мазмұнына үңілем дегеніңше келесі легі дайын тұрады. Сәйкесінше, қоғамды шырмауық сияқты шырмап тұр.  Дәстүрлі БАҚ-ты қаралаудан, һәм даттаудан аулақпыз. Бүгінге мыңдаған адитория жинап, көрерменнің бәрін алақандай экранға телмірткен «әлеуметтік желі» деген құдірет бар.  Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қодданады, ішіндегі жаңалығынан бұрын, жарқ-жұрқ еткен бейне мен алыпқашпа сөзі бейсанаңызға білінбей әсер етеді.  Қолдан жасалған, ойластырылған мәліметке имандай сеніп, соңында ақиқатына жете алмай дау болатын да, бұқара. Міне, манипуляция сондықтан да қауіпті.  Бір жағы мұныңда өзіндік саяси астары бар. Мұны жоққа шығара алмайсыз. Жалған ақпарат таратудағы басты мақсат – халықтың назарын аудару, адамдарды өтірікке сендіру, қоғамда тұрақсыздық тудыру.

Бәріне аян, жалған ақпараттың таралуының ықтимал теріс әсерлері COVID-19 пандемиясының мысалдарымен жақсы суреттелген. COVID-19 пандемиясының екі ерекшелігі болды, соның арқасында жалған ақпараттың пайда болуы мен таралуы үшін тамаша жағдайлар жасалды. Біріншіден, пандемия әлемдік қауымдастыққа бірден қорқыныш, күмән және болашаққа деген сенімсіздік тудырды. Екіншіден, бұл тарихта адамдар интернет, ұялы байланыс, дәстүрлі БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпаратты (сонымен қатар жалған ақпарат пен жалған ақпаратты) оңай алуға, жасауға және кеңінен таратуға мүмкіндік алған сәтте болды. Пандемияның әсерінен әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарламалар пайда болды және тарала бастады, бұл  инфекцияны емдеу әдістеріне, вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне, әлеуметтік қашықтықтың пайдалылығына  өзіндік әсерін берді. Бұл әлеуметтік наразылықтарды, тәртіпсіздіктерді, вакцинацияны кешіктіруді және кейбір жағдайларда өлім-жітімнің өсуін тудырған еді.

Зайырлы мемлекетте барлығы үшін заң алдында жауап берілетінін естен шығармаған абзал.  Әр мемлекетте жалған ақпарат үшін өз Заң нормаларына сәйкес жаза қолданылады.

Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Жалған ақпарат тарату 2015 жылы жаңа Қылмыстық кодексі қабылданғаннан кейін қылмыс түрінде (274-бапқа сәйкес) қарастырыла бастады.

Көрнеу мәлімет үшін заң алдында жауап беріледі, тек тараған ақпарат ел ішінде резонанс тудырса ғана.

Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жалған ақпарат таратушылар жаза арқалайды.  Тарқатар болсақ:

174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты тудырса, 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратқануы үшін:

1000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу;

түзеу жұмыстарына не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;

бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

130-бап. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін 1000 АЕК (2 651 000 тг) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Көпшiлiк алдында, БАҚ, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет үшін 2000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл арқалауыңыз бек мүмкін.

Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылмас үшін азаматтарға жалған ақпарат таратудан сақтануы керек.

Бүкіл әлем медиа америкалық саяси аналитик, әлеуметтанушы, лингвист Ноам Хомски ұсынған тәсілдерді қолданады.  Сол арқылы оп-оңай бұқараның санасына әмірін жүргізе алады.  Алғасы тәсіл, ол  елдің көңілін басқа арнаға бұру. Мемлекетте аса маңызды жағдай туындаса, сол дүрмекке назар аудартпау үшін қолданатын көп тараған әдіс. Келесі, жоқ жерден мәселе туындатып, оны шешумен айналысу. Барлығы белгілі бір сценарий бойынша жүзеге асады.  Үлкен өзгерістер мен бастамалар алдында қоғамдық сананы даярлауда манипулияцалаудың  негізі. Мәселеге тура қараудан жалтару үшін  абстартіге басымдық беру. Ең соңғы тәсіл- қоғамдық сананың қалыптасуына жол бермеу. Осының барлығы жалған ақпарат тарату арқылы іске асырылатын бір жүйеге негізделген, алгоритм.

Пікірлер