"Бір жарым айдан кейін таптым". Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан жасөспірімнің анасы жағдайды баяндады

2081
Adyrna.kz Telegram
Фото: Отбасылық архивтен
Фото: Отбасылық архивтен

Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде басына және ішіне оқ тиіп, көз жұмған 17 жастағы Абылай Ергештің денесі бір жарым айдан кейін ғана табылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.

Азаттықтың мәліметінше, Абылай Ергеш Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектепте оқып, кейін колледжге түскен. Оның анасы Жанар Дүйсебаева Абылайдың жалғыз ұл болғанын айтады. 6 қаңтар күні жаппай наразылық кезінде ол үйінен шыққан. Жанар баласын ауруханалар мен полиция бөлімшелерінен іздеп таппай, тек 19 қаңтарда ғана оның өлі денесін мәйітханадан тапқанын хабарлады.

Абылай Ергештің денесі 20 қаңтар күні жерленген. Кейінірек оның үстінен "жаппай тәртіпсіздік" бабымен іс қозғалғаны белгілі болды. Тергеу мәліметтері бойынша, Абылай 6 қаңтар күні жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

"22 қаңтар баламның туған күні. 18 жасқа толғаннан кейін шетелге жұмыс істеуге кетемін деп дайындалып жүрді. Құжаттарын да алған. Қалада митинг басталғанда “Ешқайда барма” дедім. “Мам бармаймын” деген. Соңғы сөйлескеніміз — осы”, - деп еске алды марқұм жас жігіттің анасы.

Пікірлер