Ақтау қаласының маңында болған ұшақ апатын суретке түсірген жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев 5 қаңтарда бостандыққа шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ер адамды сот әкімшілік іспен он күнге қамады.
«Ер адамның басынан не өтпейді? Үйден 150 шақырым алыста 10 күн оқшау жатып, басымнан осы ой кетпеді. Шынымды айтсам, мұндай нәрсе басымнан өткеніне де ризамын. Жалпы, достар, көп нәрсе жазғым келеді. Шыңдалдым, мықтырақ болып, өз ұстанымымды одан сайын бекемдедім. Айтарым көп»,—деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында.
25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған жерді түсірген блогер ұсталғаны белгілі болған еді. Блогер бұл туралы Instagram желісінде жазған болатын. Маңғыстау облысының полиция департаменті «Сәрсенбаев қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды» деген мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, 5 қаңтарда
ұшақ апатының салдарын жоюға қатысқандар мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.