ШҚО-да қаржы жымқырған құрылыс компаниясының өкілдері қамауға алынды

420
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу сылтауымен 1,8 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғандар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті құрылыс компаниясының топ-менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты.

Екі күдікті Өскемен қаласында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдаған. Шын мәнінде, бұл нысан құрылысы ұзаққа созылған құрылысқа айналған. Мерзімі бірнеше рет ұзартылғанына қарамастан, тұрғын үй кешені салынбай қалған.

Айта кету керек, заң талаптарына қарамастан, компания үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беретін құжаттарға ие болмаған.

— Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалды. Жәбірленушілердің шығынын өтеу және тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында күдіктілердің 2,3 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтерді жариялауға болмайды, — деп хабарлады ҚМА өкілдері.

Пікірлер