Құлаған ұшақ ісі бойынша әлі ешкім қамалған жоқ

1339
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

25 желтоқсанда Грозный маңында орын алған AZAL әуе компаниясының ұшағы апатына қатысты тергеу ішінара құпияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Turan.az-ға сілтеп.

Бұл туралы сенбі күні ВЧК-ОГПУ Telegram-арнасы хабарлады.

Әскери қызметкерлердің әрекеттеріне қатысты «әскери бөлік» тергеуі құпияланып, барлық тергеу шараларын жергілікті әскери тергеушілер жүргізуде. Сонымен қатар, кейбір тергеушілер Грозныйда жұмыс істеп жатса, бір бөлігі Ақтауға барып, апат орнында зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған.

Соңғы күндері әуе диспетчері мен ұшуларды басқару бөлімінің басшысы жауапқа тартылғаны анықталған. Бірақ оларға айып тағылмағаны белгілі болды. Ұшақтың навигациялық жүйелерінің бұзылу себептерін және жағдайларын мұқият тексеріліп жатыр.

Іс бойынша қосымша мәліметтер жарияланбайды. Ал тергеу жұмыстары жалғасуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер