Әйелін 9 жыл азаптаған. Францияда зорлықшы 20 жылға бас бостандығынан айырылды

139
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Францияның Авиньон қаласында жантүршіктірерлік қылмыс жасаған азаматқа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

72 жастағы Доминик Пелико өзінің бұрынғы әйелі Жизельге ауыр қылмыс жасағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әйелін 2011-2020 жылдар аралығында есірткі қолданып ұйықтатып, бөгде ер адамдарды үйіне шақырып, оны зорлауға мүмкіндік берген. Бұл қылмыстарды бейнежазбалар дәлелдеді.

Сотта Доминик Пеликоның қылмыстарына қатысқан тағы 50 адам жауапқа тартылды. Олардың барлығы кінәлі деп танылды. Қылмыскерлердің жасы 26 мен 74 арасында. Сотталғандардың арасында өрт сөндіруші, журналист, IT-маманы, сантехник және әскери қызметкерлер бар. Көпшілігі отбасылы, балалары бар екені анықталды.

Бұл сот ісінің ерекше тұсы – оның ашық әрі медиялық түрде өткендігі. Мұндай жағдай жыныстық зорлық-зомбылық істерінде сирек кездеседі. Жәбірленуші Жизель Пелико соттың ашық өтуін талап етіп, қоғам қолдауына ие болды. Францияның түкпір-түкпірінде мыңдаған адамдар оның әділдік іздеу жолына қолдау көрсетіп, шерулер ұйымдастырды.

Пікірлер